Айдос Бектемір голливудттық киноға түсті

Айдос Бектемір голливудттық киноға түсті

Тұңғыш рет қазақ актерлерінің ішінен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Айдос Бектемір голливудттық киноға түсті. 
Театр актері «Марко Поло» фильмінде негізгі рөлдердің бірін сомдады. Фильм атақты саяхатшы-жиһанкез Марко Поло жайында. Актер Шыңғысқанның сенімді серігі, генерал Аруканың рөлінде ойнады. Фильм Малайзияда түсірілген.
Осыған дейін Айдос Бектемір «Жаужүрек мың бала», «Ағайындылар» фильмдерінде де бірнеше рөлді сомдаған. Кезекті фильмге актер ойламаған жерден түскен. Бұл жөнінде Айдос Бектемір сұхбатында «Көктемде артистер арасында «Голливудтан арнайы топ келіп, кастинг өткізеді екен» деген әңгіме жүрді. Киноға өз басым көп түспегендіктен, аса мән де бермедім. Бір күні ойда жоқта Наташа есімді қыз хабарласып: «Марко Поло» сериалына артис таңдап жатырмыз. Сіздің театрыңыздан да актерлер қатысуда. Ертең келіңіз» деді. Ертесіне барғанымда, шетелдік режиссер мен фотограф қабылдап, суретке түсіріп алды. Фотосынамадан кейін режиссер маған жұдырығын көрсетті. Онысын қалай түсінерімді білмей, тосылып қалсам керек, мені шақырған Наташа: «Режиссер сізді ұнатып жатыр» деді күліп. Одан кейін де шақырды. Іріктеу өтетін бөлмесінде режиссері, суретшісі, операторы, тағы да басқалары бар, ұзын саны жиырма шақты адам отыр екен. Мұндай кастингті бірінші көруім, қатты таңғалдым. «Қазақфильмде» екі-үш адамның ғана қабылдауынан өтсең, бұлар тұтас шығармашылық топпен бірге отырып, актер іріктейді екен. Есіктен ене бергенім сол еді, бәрі орындарынан атып тұрып, өз тілдерінде амандасты, сасқанымнан «Уағалейкумассалам! Рақмет, рақмет…» деп жатырмын. Шыңғыс ханның сенімді серігі, генерал Аруканың образына ену керектігін түсіндіріп, қолыма мәтін берді. Өзімді аттың үстінде отырғандай сезініп, ағылшынша мәтінді оқып бердім. Бәрі риза болып, қол шапалақтап шығарып салды. Көп ұзамай, Голливуд киносына түсуге мүмкіндік алғанымды айтты. Сенер-сенбесімді білмей, абдырап қалдым. Алғашында, түсірілім күзде басталатынын ескерткен. Алайда, уақыты өзгеріп, жазда Малайзияға ұшып кеттік. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстанның актерлері өтпей қалған Аруканың рөліне, Алла бұйыртып, қазақ елінен мен өтіп кеттім», - деп айтып кетті.

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста