Айдана Меденова жаңа туған сәбиін көрсетті (фото)
Босанғанына 10 күн болған Айдана Меденова жаңа туған сәбиін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Қызы мен ұлының суретін жариялаған ол: “Аминосиктің бауырына қарап отырған түрі”, – деп қуана жеткізді.
Бұл ретте желідегілер сан түрлі пікірлерін білдірді. Кейбіреулер Айдананың балаларының өте сүйкімді екенін айтса, ендігілер Айданаға жаңа туған сәбидің суретін жариялауға болмайтынын ескертті. “Айдана, әзірге көрсетпеңіз, ол әлі тым кішкентай ғой, қырқынан шықсын”, “Амишок үлкен қыз болыпты, балапаныңның бауы берік болсын”, “Бақыт деген осы”, “Қандай сүйкімді еді өздері”, “Көз тимесін тәттілерге”, “Қырқынан шығармайынша салмасаңызшы”, – деді желі оқырмандары.
Еске сала кетейік, мамырдың 30 күні Айдана Меденова екінші сәбиін дүниеге алып келді. Әншінің ұлына Әлихан деп есім берілді.