Айдай Исаева “Әлем аруы” байқауына аяғы ауыр күйінде қатысқанын мойындады

Айдай Исаева “Әлем аруы” байқауына аяғы ауыр күйінде қатысқанын мойындады

2013 жылы “Қазақстан аруы” атанған Айдай Исаева жақында ана атанбақ.

Айдай Исаева мен оның жолдасы Мақсат ағымдағы жылдың cәуір айында отау көтерген болатын. Айдай Исаева сұхбат барысында тойды кішкентай сәбиге бола ертерек өткзігендерін жасырмады.

“Мақсат екеуіміз 4 жыл бойы біргеміз. Біздің сезіміміз уақыт сынағынан өткен. Біз некемізді бұрыннан қиғымыз келді. Алайда маған келісімшарт бойынша сұлулық байқауынан кейін күйеуге шығуға рұқсат болмады. Сол себепті біз тойды тек тамызда өткізуді жоспарлаған едік. Алайда дәрігерден тұңғышымыз болатынын ести салысымен, тойды сәуірге жылжыттық”, – дейді Исаева.

Айдай өзінің аяғы ауыр екенін ұзақ білмей келген екен. Ол тіпті “Әлем аруы” байқауына жүктілік басталғанын айтты.

“Мен жүкті екенімді ұзақ уақыт білмей келдім. “Әлем аруы” байқауына қатысып жүрген кезден бастап аяғым ауыр болып шықты. Бұл жаңалықтан есеңгіреп қалғаныммен, қатты қуандым. Жүкті екенімді естігенде, қуаныштан сол жерде жылап жібердім”, – деп ағынан жарылды ару.

Мақсат пен Айдай тұңғышының ұл немесе қыз болатынын білмеуге бел буды. Кім дүниеге келсе де аман-есен болғанын қалайтын жас жұбайлардың бүгінде қуанышында шек жоқ.

baistars.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста