Айбергенов тойының ажары қашан кiредi?

Айбергенов тойының ажары  қашан кiредi?

АЛҒАШҚЫ ШУМАҚ
...Өткен ғасырдың елуiншi жылдары болуы керек. Бiрде Жазушылар одағының конференция залында кiлең ығай мен сығайлар жиналып, аса бiр маңызды мәселенiң майын шағып жатады. Отырыс барысында күтпеген жерден «дат» деп күллi залды селк еткiзiп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев сахнаға көтерiледi. «Сендер көр-жердi сөз қылып уақыт өлтiрмеңдер. Мен бiр нәрседен түңiлiп, қорқып келiп отырмын. Өлең ордасына алапат тасқын келе жатыр, дауыл келе жатыр. Өмiрге бұла ақын келдi! Мен соны айтқалы шықтым», – деп отырғандарды аң-таң қылады. «Оның аты – Төлеген Айбергенов!» дептi сонда ақиық ақын... Бұл кеше Астанада көрсетiлген «Айбергенов әлемi» атты фильмде айтылған сыр. Сөйтiп, Мұхаңды селт еткiзген жарық жұлдыз – Төлеген Айбергеновтi астаналықтар ақынның аты берiлген №16 орта мектепте еске алды.

Алда келе жатқан 8 наурыз мейрамы өр мiнездi жыр дүлдүлi Төлеген Айбергеновтiң туған күнi. «Асау тағдырға бас имеген ақын тiрi болса 72 жасын тойлап, күллi аналарды төл мерекесiмен құттықтап, жырдан шашу шашып берер едi», – дейдi «О, адамдар, бiргемiн мен сендермен!» атты еске алу кешiне арнайы келген ақынның замандасы, «Әдiлет» партиясы төрағасының орынбасары Серiк Әбдiрахманов. «Расында, Төкең асау, ерекше тұлға едi. Оның өлеңдерi бiздiң жүрегiмiзде мәңгi қалды. Таланты тасты бұзатын. Өзгелер байқамайтынды байқап, өзгелер қалам тартуға жүрексiнетiн тақырыптарды толғайтын. Осындай ерекшелiгiмен өлең құдыретiн түсiне бермейтiн мен сияқты жандардың да жүрегiн толғап кеттi».
Кеште тебiрене сөз сөйлеген ақынның күйеу баласы, ақын Бауыржан Жақыпов: – «Бiздiң ұлтымыздың рухы көтерiлмей ешқандай асуларды бағындыра алмаймыз. Әрине, Айбергеновтей алыптар бiздi ұлт ретiнде танытады. Алайда әлi де бiз оны шын мәнiнде тани алмай келемiз», – деп отырғандарға ой тастай қарады.
Кештен соң, қонақтар осы мектептегi Төлеген Айбергенов мұражайын аралап, тамашалады. Жақында ғана түсiрiлген «Айбергенов әлемi» атты деректi фильм көрсетiлдi. Оны түсiру туралы идеяны ақынның қызы Айнар Төлегенқызы ұсыныпты.

СОҢҒЫ ШУМАҚ
Бар-жоғы 30 жыл ғұмыр кешсе де артына өшпес iз қалдырған ақынды осылайша қазақ әлi де тани алмай келедi. Соның көрiнiсi емей немене, еске алу кешiне келген қонақтардың қарасы аз болды.
Ақиық ақынның кешi жылдағы әдетiмен № 16 мектептiң алақандай акт залынан аса алмады. Ең өкiнiштiсi, арысы Сенат пен Мәжiлiстен, берiсi түрлi басқармалардан арнайы шақырылған меймандар мен азуы алты қарыс ақындарымыз бен ақсақалдарымыз кеште қара көрсетпедi. «Ақынның шарапатын көрген замандастары, жөн сiлтеп, сүйеу болған ағалары деп, тәлiм алған iнiлерi деп шақырған қонақтардың көбi келе алмай қалды. Уақыттары болмаған шығар», – деп қалды ақынның қызы Айнар Төлегенқызы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста