АЙБЕРГЕНОВ атына мектеп берiледi дегелi 12 жыл болды

Күншiлдер өле берсiн күйiгiнде,
Өз ғасырым өзiмнiң иiнiмде.
Ақ жаңбырлар тоздырған тау секiлдi

Мен өлемiн өзiмнiң биiгiмде, – деп жырлаған қазақ поэзиясының ерекше құбылысы, қайталанбас дарынды ақыны Төлеген Айбергеновтiң дүниеден өткенiне де 42 жылдың жүзi болыпты. Былтырғы жылы ақынның 70 жылдық мерейтойын атап өтуге мұрындық болған Қазақстан Жазушылар одағы 11 наурыз – ақын Төлеген Айбергеновтiң туған күнiне орай «Мен саған ғашық едiм» атты поэзия кешiн ұйымдастырды. Өлең сүйер қауым тегiс жиналған кеш шымылдығын Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин Төлеген Айбергеновпен алғаш танысқан сәтiндегi әсерi жайлы естелiгiмен ашса, ары қарай ақынның өлеңдерiнен Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясының студенттерi композициялық көрiнiс қойды. Сондай-ақ Төлеген Айбергеновтiң «Ақерке – ақ Жайық», «Арал қызына», «Бiр тойым бар», «Ару Жайық» атты өлеңдерiне жазылған әндер белгiлi әншiлер Ескендiр, Бiржан Хасанғалиевтер, Сәкен Қалымов, Роза Әлқожа, Тамара Асар сынды әншiлердiң орындауында шырқалды.

Төлеген Айбергенов өлең өлкесiне алғаш келгенде әйгiлi ақын Әбдiлдә Тәжiбаев: «...Бiз поэзиямыздың тағы бiр алтын тұтқасын аштық. Аштық та, Төлеген дүниесiн көрдiк», – десе, содан көп ұзамай-ақ ақын қайтыс болғанда оны жоқтаушылардың бiрi, қазақтың классик жазушысы Ғабит Мүсiрепов: «...Амал бар ма, бiз қазақ әдебиетi екi-үш дарыннан ерте айырылдық. Олар – Абдолла, Баубек, Төлеген», – дептi. Осынау пәнимен ерте қоштасқан ақынды еске алу кешiне келген бүгiнгi қалам иелерiнiң iшiнен жазушы Смағұл Елубай былайша ой түйiндедi:
– Иә, ақынның өз өмiрi қысқа болды, бiрақ ол көз жұмған сәттен оның мәңгiлiк өмiрi, яғни шығармашылық ғұмыры басталған едi. Бiз жаңа осы жерде белгiлi журналист Нұртiлеу Иманғалиұлы екеумiз өзара әңгiмелесiп отырғанбыз. Сонда әңгiме үстiнде Нұртiлеу: «Кей ақынға жарнаманың да қажетi жоқ, себебi оның шығармалары өзiн-өзi жарнамалап тұрады», – дедi. Төлеген –  сондай ақын. 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында шыққан Төлегеннiң «Бiр тойым бары» әлi күнге қазақ тойының, кез келген дастарқанының сәнi болып келе жатыр. Тағы бiр таңғалатыным, мен осы күнге дейiн өз өлеңiн дәл Төлегенше мәнерлеп, жатқа оқитын ақынды көрмедiм. Ол өлеңдерiнiң бәрiн жатқа бiлетiн және сахнада оқыған кезде зал дауыл тиген қоғадай болатын.
Қазақ айтқандай, «жақсының аты өлмейдi, ғалымның хаты өлмейдi», егер iздеушiсi, iзiн жалғастырушысы болса. Төлеген Айбергеновтiң артында қалған мұраларын жинақтап, жоғын түгендеп отырған қызы – Салтанат Айбергенова. Бiз ақын мұрагерiнен әке шығармашылығының жайын сұрадық.
Салтанат ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ:
– Былтыр әкемнiң 70 жылдық мерейтойы болды. Соның қарсаңында «Бiлiм» баспасынан «Жан едi өлең үшiн дара туған» атты әкем жайлы естелiк кiтаптары шықса, мен өзiм тойға тарту ретiнде әкемнiң 20 өлеңiне клип түсiрдiм. Ол CD және DVD нұсқасымен бiр жинақ болып шықты. Бiрақ бүгiнде сол жинақтың өтуi қиын боп тұр. Оны тарататын арнайы орын жоқ екен. Бұл бiр мәселе десек, екiншi мәселе – 1997 жылы осы Алматыдағы №81 мектепке «Т.Айбергенов аты берiлдi» деп бiз тұсаукесер өткiзген болатынбыз. Бiрақ одан берi 12 жыл өттi, ол мектеп әлi бекiтiлiп берiлген жоқ. Таяуда ғана Қалқаман ықшамауданынан көше бердi, әйтеуiр. Жаңа осында келе жатып дүкендерден әкемнiң бiрде-бiр кiтабын таппадым. Айтайын дегенiм, «Айбергенов – ақиық ақын, феномен» деп құр сөзбен айтып қоймай, осындай мәселелерге көңiл бөлiнсе, сондай-ақ әкемнiң өмiрi желiсiнде келешекте бiр көркем фильм түсiрiлсе...

ТҮЙIН:
Әрине, той тойлаған жақсы, бiрақ сол арқылы үлкен ой қозғай алсақ. Мысалы, Мұқағалидың туған күнiн, Төлегеннiң мерейтойын қаламгерлер қауымы атаусыз қалдырып жатқан жоқ. Дей тұрғанмен, ақынның тойына ақын ғана қуанып, жазушыны тек жазушы ғана жоқтау керек пе? «Әкiмi ақынын iздемей, ақыны әкiмiн iздейтiн» елге айналдық па? Қайсыбiр жылдары Астана қаласындағы Айбергенов мұражайының жағдайы естерiңiзде шығар, осы күнге дейiн «мектеп атын беремiз» деген құрғақ уәде ақын атына жасалған қиянат емей, немене?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста