«Әй, ұят емес пе?!». Мейрамбек Беспаев ащы шындықты айтты

Ел оған әлдеқашан «халықтың сүйікті әншісі» деген атақ беріп қойған Мейрамбек Беспаев Халық артисі деген атаққа қол жеткізе қоймапты.

Бірақ, бүгінгі күні соны алмастыратын «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» деген атағы бар. Атағын айтып, көп мақтана бермейтін әнші мақтан үшін, атақ үшін жұмыс істейтін әріптестерін сынап тастады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Өкіметтен бір атақ алу үшін жұмыс істеп жүрген жоқпын шынымды айтсам. Менің ойымша, атақ алу да, атаққа жұмыс істеген де ұят. Өнерпазға алғаннан гөрі, еліңе бергеніңнен басқа бақыт жоқ шығар» – дейді әнші Мейрамбек Беспаев. 

«ҚР Халық артисі». Бұрын бұл атақ жайдан-жай беріле бермейтін. Халықтың сүйіктісі, еңбегі сіңген артистеріне ғана табысталатын. Алайда, 1999 жылы мүлдем алынып тасталды. Дегенмен, соңғы рет «Халық артисі» деген атақты белгілі әнші Нағима Есқалиева алып үлгеріпті. 

«1999 жылы менің құжатым барды. Сол жылы алып тастады. Соңғы рет Нағима алып алды. Мен өтпей қалдым», – дейді әнші Бағдат Сәмидинова.

Соңғы уақытта «Халық артисі» деген атаққа деңгейлес «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» деген марапат шыққан. Дегенмен, бүгінде бұл атаққа әншілердің көпшілігі қол жеткізген. Алайда, атаққа ие болғаны былай тұрсын, өздерін халық артисі деген мәртебеге сай емеспіз дейді.

«Ұяламын. Бірақ халық артисі деген атақты қайтарса мен қуанатын едім», – дейді әнші Гүлнұр Оразымбетова.

Ал Жеңіс Ысқақованың пікірінше, қандай атақ алсаң да бәрібір де «халық артисі» деген атаққа жетпейді. Өйткені, Жеңістің айтуынша, «Еңбек сіңірген қайраткері» деген атақты кез-келген маман иесі ала беретін көрінеді.

«Қайраткер дегеннен гөрі Халық артисі деген жарасымды», – дейді әнші Жеңіс Ысқақова. 

Сәкен Майғазиев те өнердегі әріптестері сияқты аталған атақтың қайтарылғанын қалайды екен.

«Қайтарылсын», – деп кесіп айтты Сәкен Майғазиев.

«Қайтарсын. Ресейде де ол атақ қалды. «Заслуженный артист», «Народный артист» деген бар»,- дейді әнші Қайрат Игіліков.

Сондықтан да шоу-бизнес өкілдері әншінің «әнші екенін көрсететін» жалғыз «Халық артисі» деген атақтың қайтарылуын қалайды.

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста