«Ай-Ару» дарындарды сынады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар орталығы республика жоғары оқу орындары студенттерінің «Қазіргі заманғы қазақстандық әйел» атты шығармашылық өнер фестивалін өткізді.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық университетінен, Қазақ мемле­кеттік Қыздар педагогикалық универси­тетінен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Сүлеймен Де­мирел атындағы қазақ-түрік универ­ситеті, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мем­лекеттік университеті, Құдайберген Жұба­нов атындағы Ақтөбе мемлекеттік универ­ситетінің студенттері бірнеше бағытта шы­ғармашылық өнер жарысына түсті. Белгілі қаламгерлер, өнер адамдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылған байқауға Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, сыншы Әлия Бөпежанова, респуб­ли­калық «Айгөлек» журналының бас ре­дак­торы, ақын Қымбат Әбілдина, жазушы Нұрлан Қами, «Қоңыр» тобы қазылық жасады.
Фестиваль шарты бойынша алдын ала түскен өтініштерге сәйкес, қатысушылар­дың фильм-жобалары көрсетілді, қоғам және әйел тақырыбындағы өзекті мәселеге құ­рыл­ған жоба-жарыс өтті. Оқу орындары­ның «Ой алаңы» сөз айтысына әзірленіп кел­ген өкілдерінен аралас «Ақтұйғын», «Айтұлпар», «Ақсауыт» топтары жасақта­лып, қазіргі кезеңдегі бойжеткен қыздар тәрбиесіндегі ықпалды факторлар туралы ойларын ортаға салды. Қазақ әйелінің тағ­дыры арқау болған ХХ ғасыр басындағы әдеби туындылар бойынша «Кім?» Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысына қатысты.
Шығармашылық сайыс әрі қарай дәс­түрлі «Ай-Ару» ашқан дарын» концерттік бағдарламасына жалғасты.
Жиын қорытындысында жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталып, сер­тификаттар мен дипломдар берілді.
Бас жүлде Сүлеймен Демирел атын­да­ғы Қазақ-түрік университеті «Шашы ағар­ған қыз» фильміне; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университе­тінің «Мектептегі қыз бала киім үлгісі» жоба­сы­на берілді. Аталым бойынша бас жүлдені «Айрықша таңдау талғамы үшін» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетінің Лондон Олимпиадасының чемпионы Илья Ильиннің анасы туралы түсірілген «Алып туған ана» фильмі алды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентте­рі­нің «Бүгінгі қазақ әйелі» фильмі мен «Ер­ке-Нұр» сән үлгілерін насихаттаған жоба­сы жүлделі бірінші орындармен марапат­талды. «Ұстаздық – өнегелі өмір» фильмі аталым бойынша бірінші орын алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста