Айтыскер ақын Балғынбек Имашев тойлардың бірінде "Ай Абдулла" деп ән салып, жиналғандарды күлкіге қарық қылған, деп хабарлайды Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Бұл ән осыдан ширек ғасыр бұрын Нұрлан Абдуллиннің орындауында танымал болған еді.
Айтыскер ақынның қасынан "Қазақстан дауысы" телевизиялық байқауының жеңімпазы Шаһаризат Сейдахмет пен айтыскер ақын Иран-Ғайып Күзембаевты байқауға болады. Тойға жиналған қауым Балғынбек Имашевтің әніне риза болып, қосыла билеп кеткен.
"Керемет", "Орындауы жаман емес", "Түркиядан келгеннен бері тоқтай алмай жүр-ау", Осы жасқа келіп, бұлай секендеп жүруі ұят емес пе?", — деген сарындағы пікірлер жазылған.