Әдебиетке арқау болған қасірет

Қаншама қиын кезеңдерді қиып өткен қабырғалы қазақ әдебиеті қылышынан қан сорғалаған кеңес дәуірінде де қазақ­тың жанына үңіліп, санасын оятуға талпы­ныс жасаған талай тамаша туындыларды өмірге әкелді.
Алайда 70 жыл бойы Қызыл Кремль төрінен басқарылған бұғаулы қа­зақ қо­ғамын­да нағыз шынайы шығар­ма­ның жа­рық көруіне айтарлықтай тос­қауыл бол­ғаны аян. Әсіресе голощекиндік сола­қай саясаттың қолдан жасаған ашаршы­лығы мен сталиндік геноцид тақырыбы ұлты­мыздың ой-санасына серпіліс әкелетін рухани құндылықтарымызды насихаттап, көрсетуге тіпті тыйым салынды. Әйтсе де, бірқатар қазақ қаламгерлері осы бір жабық тақырыпты айналып өтуді өздеріне ар санап, астарлап болса да шындықтың шы­мылдығын түруге әрекет жасағаны белгілі. Ол кездері ұлт тақырыбын қаузап, тарихи кітаптар жазу ерлікпен пара-пар еді. Бірақ әрідегі тарихта елеулі орны бар би, батыр, шешендерімізді айтпағанның өзінде, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары коғамның көзқұртына айналып, көрінгеннің түрткісі мен тепкісінде жүрсе де, кеңестің теріс идеологиясы оларды ақтауға ықыласты бола қоймады. Уақыт өте келе, әр қазақтың жүрек түкпірінде булығып жатқан ащы шындықтың зары ақыры бұлқынып шығып, Азаттықтың үні болып, Алты Алашты дүр сілкіндірді. Осы­лайша қаһарлы Желтоқсаннан кейін Тәуел­сіздікке қол жеткізген қазақ қоғамы бұған дейін архивтерде шаң басып жатқан ақтаңдақтар ақиқатын аршып, жоғалғанын іздеуге кірісіп кетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ қаламгерлерінің көбі үл­кен-үлкен тарихи шығармаларды дүние­ге әкеле бастады. Мұндай шығармалар өзін­дік ұлттық болмысынан ажырап қала жаз­даған халқымыздың ұлттық жадын оятуға айтарлықтай септігін тигізгені анық. Деген­мен сол кездегі көптеген шығармалар, не­гізі­нен, белгілі бір тарихи тұлғаларымыз­дың жекелеген тағдырына байланысты дүниелер болды. Ал Алаш жұртын аяусыз қырған нәубет жылдарының жылнамасы ұлт әдебиетінде жан-жақты әрі терең зер­деленіп, анық ашылмағандықтан, қанды тарихымыздың осы бір қатпарына әлі де болса толыққанды тарихи, саяси баға бері­ле қойған жоқ. Қазіргі қазақ әдебие­тінде осы тақырыпта қалам тербеп жүрген­дер баршылық. Олардың атын атап, түсін түстеуді, шығармаларын талдап, жіктеуді әдебиетші, тарихшы мамандардың енші­сіне қалдырайық. Біздікі тек қазақтың иы­ғына батпандай салмақ түсіріп, жаншы­ған тарихымыздың қасіретті кезеңдері көркем әдеби шығармаларға көптеп арқау бола түссе екен деген ниет-тілек қана. Бол­маса, тарихты зерделеу – тарихшы ғалым­дар­дың ғана шаруасы емес қой.
Нұрдәулет АҚЫШ, жазушы, әдебиетші ғалым:
– Қуғын-сүргін тақырыбы біздің әде­биетімізде кешеуілдеп жазылды. Тарихи шындыққа негізделген шығармалар, әсі­ресе, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін өз оқырманына жете бастады. Осыдан соң бізге ой еркіндігі келіп, тың шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашылды. Дей тұр­ғанмен де осы бір қиын да күрделі тақы­рыпты арқала­ған туын­ды­лардың алғашқы ұшқындары кеңес дәуірінің өзінде-ақ қылаң бере бастаған. Қазақ оқырманына таныс көрнекті жазу­шы­ларымыз Ғабит Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесі, Сафуан Шаймерденовтің «Мез­гіл» хикаяты, Шер­хан Мұртазаның Тұрар Рысқұлов жайын­дағы «Қызыл жебе» ро­маны қазақ рухына бірден-бір дем берген шығармалар болды. Деректі дүниелерді көркем шығармаға арқау еткен бұл туын­дыларда қуғын-сүргін ақиқатының бір парасы баяндалған. Бұған қоса, зұлмат жылдарының суық бейнесі жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романында да кеңі­нен көрініс тапқан. Ал деректі публи­цистика жанрында жалынды журналист Армиял Тасымбековтың еңбегі орасан болды. Ол Карлаг пен АЛЖИР қасіретін жазуда көптеген ақиқаттың бетін ашуға ұмтылыс жасады.
Жалпы, қуғын-сүргін, ашаршылық та­қырыбы қазіргі қазақ әдебиетінде, әсіресе, проза жанрында бұрын­ғыға қарағанда көптеп жазылып келеді. Осы бір зар заман кезеңдерді кітабына өзек етіп алғысы келмейтін жазушы жоқ та шығар. Алайда аталған тақырыпқа орай жазылған туын­дылардың кейбіреуі оқырманға толық жет­пей жататын тұстары да жоқ емес. Мысалы, танымал сәулетші, әдебиет сала­сында да біршама еңбек етіп жүрген Шот-Аман Уәлиханов «Геноцид» деген атпен көлемді пьеса жазып шығарды. Осы сияқты әлі де қаншама жақсы кітаптар жарық көруде. Ендігі мәселе – ұлт тағдырына қа­тысты жазылған дүниелерді халық ара­сында жан-жақты насихаттауды күшейтуді қолға алсақ. Өйткені бүгінгі ұрпақ кешегі тарихын білуге міндетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста