Әдебиетке адал Әнес

Еліміздің бас ордасы Ақмо­лаға көшіп, астана Астана бол­­­­ған аз жылдың ішінде әкім­­­шілік орталық ретінде ғана қа­лыптасып қоймай, тірлігі қай­­­наған рухани ортаға да ай­налып үлгерді. Ал мұндай ор­таны, әл­бетте, астанаға ат ба­сын бұрған, елордаға  туын тіккен  мәдениет ошақтары, әдебиет пен руханият қайрат­кер­лері қалыптастырды.  Солардың арасында  шоқтығы биік жазушы, алаштанушы, ел мүддесі үшін қолынан қаламын тастамай еңбек етіп келе жат­қан Әнес Сарай да бар. Осы қа­­ра­­шаның 23-інде 75 деген ме­­рейлі жасқа толатын жазушы аға­мызға ізгі тілегімізді арнай отырып, қаламгер замандасы Тө­лен Әбдікұлының пікірін ұсы­на­мыз.


Әнес Сарай – бұл күнде қазақ әде­бие­тінің ең таңдаулы өкілдерінің бірі. Ол аз бол­­са, еліміздің тарихын кеңінен зерттеп, зер­­­­де­леп жүрген ғалым. Бір ғажабы, ғы­лы­ми ата­ғы жоқ, бірақ зерттеулері бай­салды, те­рең; жаңа ой, жаңа тұ­жырым­дарға толы.
Соңғы кезде жазушылықтан ғылымға кө­бірек ойысқан Әнес осылайша оқыр­ман­­дарын біршама адастырып кеткен се­кілді кө­рінеді. Бірақ оның жазушылық әле­мі әде­­биет­сүйер қауымның, әріптестері – мы­на біз­дің көңілімізде сайрап тұр.
Біз бірге оқыдық, қатар қалыптастық, әде­­биетке де бір кезеңде келдік. Әнес бізге қа­рағанда естиярлау еді. Біз ғұсап қаңғыра бер­мейтін, керуетінде жатып алып, әлем­дік әде­биет классиктерінің шығар­маларын шұқ­­­шиып оқитын да жататын. Шы­ғар­ма­шы­­­лығын да ертерек бастады. Біз не ақын, не прозашы боларымызды білмей, әр нәр­сеге бір ұрынып жүргенде, ол саналы түрде бірден прозаға қалам тартты.
Әнестің тырнақалды әңгімелерінің өзін­­де өмір суреттерін өз бояуымен дәл көр­сету, детальға көңіл бөлу, оқиғаның өрбуін, ке­йіп­кердің әрекетін өз табиға­тымен, өз заң­дылығымен дамыту секілді реалистік си­паты басым еді. Оның алғаш­қы жи­нақ­тарын оқырман, әдеби қауым жақ­сы қа­был­дады. Әнес­тің шығарма­шы­лығын сын­шы­лардың бол­машы болса да сынағанын өз басым бай­қаған емеспін, бірақ жеріне жеткізіп, жақ­сылығын да то­лы­ғынан көрсетіп бере алмағандай кө­ремін.
60-жылдардың аяғы, әлде 70-тің басы – Әнес «Қараша өткен соң» деген повесть жа­­­зып бітірді. Бұл, шын мәнінде, сол кез­дегі қазақ әдебиетіндегі повесть жанры­ның жаңа бір белесі секілді шығарма еді. Сол повесті оқығаныма қазір 40 жылдан ас­там уақыт өтіпті. Ішіндегі суреттер әлі күн­ге де­йін көз алдымда тұрғандай кө­рінеді. Те­ңіздегі маякқа от жағу үшін ат­танған шалдың көрген азабы, қауіп-қа­тері, табиғат суреті кино көріп отырғандай әсер береді. Шал қайыққа отырып, өзен бо­йы­мен сырғи жөнелгенде, біраз жерге де­йін құйрығы бір жағына қисайып, жаға­лау­мен иесінің соңынан бүлкектеп еріп бара жат­қан иттің бейнесі де көз ал­дымда тұр. Ақы­рын жапалақтап қар жауа бастаған кезде, болмашы дыбыстың да ес­тілмей, құлаққа ұрғандай өлі ты­ныш­тықтың орнай қалуы, тағы сол сияқты та­би­­­ғатқа, адам­ның ішкі сезіміне бай­­­­­ла­нысты құбылыс­тар­дың ерек­шелігі сон­­­­шалықты шынайы сурет­телген бо­латын.
Сол кезде менің есіме Эрнест Хемин­гуэй­дің «Шал мен теңіз» повесі  түскен еді. Та­­биғатпен, акулалармен арпалысқан шал­дың өлермендігі, сол өлермендіктің ар жағында жатқан адами асқақ рух, өмір­­ге құштарлық – осының бәрі Әнестің по­­ве­сінде де өзіндік бояуымен, қазақы то­пы­рақтағы өзіндік сипатымен, ерек­ше­лігімен көрініп тұрғанын аңғаруға бо­латын. Бұл арада еліктеу туралы әңгіме бо­луы мүмкін емес. Повестегі оқиға мүлде бөлек. Біз «Шал мен теңізді» аталған шы­ғар­­маны тал­дау барысында әлем­дік әде­биетпен са­лыстыру ретінде  ғана алып отырмыз.
Жазушының табиғатты, әлеу­мет­тік ке­ңіс­тікті, адамның жан дү­ниесін суреттеудегі көркемдік тәсілі, сабырлы да салмақты тілі, сөз жоқ, негізгі жетістігі болып есеп­те­леді. Оның сыртында идея­лық құн­дылығы да оқыр­манға ой са­лары сөзсіз. «Маяк отын жағу үшін басын қатерге тігіп, жаңа қат­қан жұ­қа мұздың үстімен жылжып, мұз жа­ры­лып кеткенде, суға кете жаз­дап әрең де­ген­де жандәрмен межелі жерге жеткен шал­дың жасаған ісі көрген азабына тұра ма, тұрмай ма?» деген сұрақтың тууы заң­дылық еді.
Өмірге келген әр адам ақыл-пара­са­тына сай өзінің арының, ұяты­ның, адам­гер­шілігінің ал­дындағы, өзін қоршаған ортаның, яғ­ни қоғамның алдындағы жа­уап­кершілігін әртүрлі сезінуі ықтимал. Ал біз әңгіме қылып отырған шал­ды өзін өз ор­та­­сынан бөліп қарай ал­майтын, ұжым­дық са­надағы қа­зақы тәрбиенің адамы деу­ге бо­лады. Бұл сана, әрине, тек қазақы тәр­­­бие­нің ғана жемісі емес, тұл­ғалық са­на­ның да көрінісі. Өйткені өзін белгілі бір мақ­сатқа құрбан қыла білу – тек тұлғаның ғана қолынан келетін шаруа. Ал тұлғаны тек аты белгілі адам­дардың арасынан із­деу пенделік түсініктегі жаңсақтық. Атағы дар­дай адамдар жасай алмайтын ерлікті қа­тардағы адамның (аты белгісіз деген ма­ғынада) жасауы әбден мүмкін.
Ал, шын мәнінде, өмірге мағына бе­ре­тін де – осы ерлік. Ерлік ұлттық сананың бір бөл­шегіне айналған  кезде адамды құл­дық психологияда тұтқындайтын ұлт­тық үрей де бірте-бірте жоғала бастайды. Ен­деше, азаттық үшін жандарын қиған Хан Ке­ненің де, 1986 жылы алаңға шыққан жас­тардың да, тіпті намысын қорғап өзінен әл­де қайда күшті бұзақыдан таяқ жеуден қо­рықпаған баланың да ерлік істерінің түбі бір деп айтуға болады. Әнестің шалын да басын қатерге тіккізген нәрсе – өзін қоғамның бір бөлшегімін деген түсінік пен жауапкершілік.
Әнес – көп жазатын еңбекқор да бей­нетқор жазушы. 1994 жылы Мемлекеттік сый­лық алған «Еділ-Жайық» романы да, мен білсем, кеңінен талқыланбаған се­кілді. Оның бәрін жіліктеп талдауды сын­шы­лардың үлесіне қалдырайық. Біздің айт­па­ғы­мыз – жазушының көркем шы­­­ғар­­ма­­ла­рының бүгінгі күнмен үйлесіп жатқан өзек­тілігін оқырманға жеткізу.
Жоғарыда айтып кеттік, Әнес соңғы жыл­дары драматургия жанрына ат­салысып жүр­генімен, негізінен, тарихты зерт­теу жа­ғына кө­­бірек көңіл бөліп жүр. Оның «Исатай мен Махамбет», «Кө­не­ліктер», «Ноғайлы», соңғы жазылған, бі­рақ баспа бетіне шығып үлгір­меген «Көк тү­ріктер» атты зерттеу еңбектері осыған айғақ.
Тарихты көркем әдебиет үлгісімен беру әде­биетімізде үлкен кезеңге айналғанын бі­ле­міз. Қазір жазушылардың таза та­рих­пен шұ­ғылдануы етек ала бастады. Сол қа­тарда Әнес те бар. Мен досымның бо­йынан жар­қы­рып шыға келген жаңа бір та­лантқа таң­ғал­ғанымды жасыра ал­май­мын. Оның зерт­теу­лері, біріншіден, қы­зық­тырады, көр­кем шы­ғармадай оқы­лады. Мұнысы тілді же­тік меңгерген жа­зу­шылығынан болар. Екін­шіден, тарих қой­науына терең үңілуі,  фак­ті­лерді сөй­летуі, тың ойларындағы та­рихи қи­сын – осының бәрі Әнестің тарихқа үлкен да­йындықпен келгенін көрсетеді.
Жалпы, тарих туралы түсінік маман­дар­дың өздерінің ішінде де әртүрлі екені белгілі. Тарихты халықтың атын шығару үшін, рухын көтеру үшін немесе ұрпақты па­триоттық рухта тәрбиелеу үшін жа­са­латын ілім деп па­йым­дау, меніңше, жаңсақ тү­сінік. Ресей өзін дә­ріптейтін жаңа тарих жасаймыз деп әуре болуда.  Әрине, ондай, белгілі бір идеоло­гия­­ға негізделген тарих – шын тарих емес. Ке­­зінде патшалардың тап­сыр­масымен жа­зылған тарихты да бұрмаланған та­рих деп айтуға болады. Ал шын тарих – өмірде бол­ған шындық пен оның объективті зер­де­ле­нуінен басқа түк те емес. Ол тарих бізге ұна­мауы мүмкін, біздің осалдығымызды, қа­­­те­­­лі­гімізді паш етуі мүмкін. Бірақ ол – со­ны­сы­мен тарих. Шын тарихты жасау, та­лант­тың сыр­тында, шыншылдық пен тура­шыл­дық­ты, ақи­қатқа негізделген қатыгездікті та­­лап етеді. Оны өз кәдемізге жарату – басқа мін­дет.
Менің ұғымымда, Әнестің тарихи зерт­теулері осы шарттарға толығымен жауап бе­реді. Оның шығармашылығы тақырыбының бай­лығының сыртында өзінің тереңдігімен ерекше.
Тарихты тани білу, сол арқылы жақсы мен жа­манды айыра білу – ұлттық сананың ірге­та­сын қалайды. Сол іске өмірін арнап жүрген көр­некті қаламгердің еліне  амандық, өзіне қажымас қайрат тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста