"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев желідегі жеке парақшасында қазіргі өмірі туралы асырталы жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ердос Instagram-дағы парақшасында осы күндері үйлер үлкейіп, отбасылар кішірейгенін атап өтті.
Әншінің сөзінше, ақыл көбейіп, адамгершілік азайған.
"Космос жақындады, көршілер алыстады. Байланыс құралдары артты. Бірақ шынайы қарым-қатынас азайды. Дəрілер көбейді, ауырудың да түр-түрі көбейіп кетті. Білім артты, сенім азайды. "Мен" дер көбейді, "Біз" дер азайды. Қазіргі Өміріміз", - деді Ердос Қанаев.