Адам жанын терең түсінген

Адам жанын терең түсінген

(Қазақтың қайсар рухты жазушысы, марқұм Немат Келімбетов жайындағы толғаныс)

Немат Келімбетов туралы айтқанда, мен оның денсаулығының дертіне, нағыз қыл­шылдаған қайратты кезеңінде тап бол­ған, тіпті өмірінің соңына дейін күрес­кен қиындығына тоқталғым жоқ.
Тіпті денсаулығындағы кеселдің өмір бойы ізінен түсіп, 70-ті алқымдаған ке­зеңі, ғұмырының соңына дейін шырмал­ғандығын, оның тағдырының қиын болға­нын ескеріп, түйсініп, құрметтесем де, мә­се­лені сол жайтпен ғана байланыс­тырғым жоқ. Орыстың «Жаратқан Құдай адамға оның қуатына сай қиындық береді» деген ескі мақалы бар. Демек, Не­мат­тың, естен кетпес жұбайы Қуаныш­тың, отбасы­ның, асыл достарының қаншалықты төзімді екенін Ол білген.
Мәселе басқада. Немат Келімбетов – алдымен өте мықты философ, ойшыл жә­не сөз мергені. Науқасқа шалдығуы, асқан тө­зімділігі, бәлкім, осы табиғи қасиетін онан бетер шыңдай түскен болар.
Ол туралы айтқанда біздің кезеңіміздегі ірі ағартушы деп атауымызға болады. Ал­ай­да ағартушылық деген сөздің өзі біз­дің аса ақпараттық ғасырымызда тіпті анар­хизмге пара-пар болып көрінуі де мүм­кін.
Не десек те, адам жанының тереңдігі немесе адам талантының тереңдігі тек азап-бейнетпен ғана емес, рақымшы­лық­пен айқындалатын шығар. Өзгелерге ра­қымды болумен. Жақыныңа, алысыңа ра­қымды болумен. Келімбетов шығармала­рындағы бейнет, тақсіреттен гөрі, рақым­шы­лықтың аса молдығы мені айрықша қай­ран қалдырады.
Ол – ең алдымен, қайталап айтайын, ойшыл һәм толыққанды адам. Ал қалған қа­сиеттері қандай анықтама берсек те, кейінгі орында.
Ол күншілдік, кәрілік, үміт секілді еж­ел­гі тақырыптарды онан әрі зерттеуге талпыныс жасады. Бәлкім, хрестоматиялық тұрғыда!
Ол осы тақырыптарды ХХ, тіпті ХХІ ғасырмен бірге қарастырды.
Өте ащы, бірақ өнеге алатындай дү­ние пайда болды. Оны – қазіргі Тәуел­сіз Қазақ­станның идеологиясын құруда өз әсері бар ойшылдардың бірі десек болар.
Бәлкім, сондықтан да болар, оның шы­ғармаларында қазақтардың өзін-өзі тануына аса үлкен мән беріледі. Орыстармен ғасырлар бойғы байланыс пен қатынасқа да біраз орын берілген (оның біздің мақал­дар мен мәтелдерді өте жақсы білуі және жиі қолдануы, тіпті сол мақалдардың қазақ халқы мәтелдерімен аса жақын болуы сүйіндірді).
Ресейдің де қайта өркендеу бойынша басынан өткізіп отырған заманы оңай емес, сондықтан түркітанушы Келімбетовтің кітаптарымен танысу – бізге, ресейліктерге тиімді болар еді.
Оның күншілдік туралы диалогтары Франсуа де Ларошфуко, Юрий Олеша се­кілді мықты авторлардың көтерген тақы­рыбын онан әрі аса бір ащы, жабайы капитализм кезіндегі дәуірдің тақырыпта­рымен тереңдете түседі. Бірақ оны өзіндік қол­таңбамен, тарихи тамырлар, әлемді түй­сіну­дің ұлттық ерекшеліктерімен және қа­зіргі әлемдік-ғаламдық тенденциялары тұр­ғысынан тереңдете түседі.
Бұл тұрғыда Немат Келімбетов тек қа­зақтың жазушысы емес. Ол – посткеңестік кеңіс­тіктегі адами қоғамның рухани дамуына географиялық аумағының ауқым­ды­лығы үшін ғана емес, аса ірі адами күй­зеліс пен трансформациялардың болуы се­бебінен, қилы кезеңнің сынына жауап беретін жаңа адами тәжірибенің жаңаруы­на ықпал етіп отырған аймақтағы аса ерек­ше авторлардың бірі.
Георгий ПРЯХИН, Ресей Сөз, тіл шығармашылығы академиясының академигі, Александр Грин атындағы Бүкілресейлік әдебиет сыйлығының, Валентин Катаев атындағы сыйлықтың лауреаты,«Художественная литература» баспасының директоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста