Әбунасыр Серіков, "Нысана" әзіл-сықақ театрының директоры: "Тамашадан" тамырлағандардың тасада қалғаны жоқ...

- Кезінде «Бауыржан шоудың» белгілі актері едіңіз, еншіңізді алып, бөлек театр аштыңыз. Алғашында қиынға соққан болар?
- Отбасыны – шағын мемлекет деп санасақ, әр отбасы өз ұрпағын өсіріп, тәрбиелеп, отанының дамуына септігін тигізетін үлкен азаматын қатарға қосуға міндетті. Сол сияқты өзіміз де шәкірт болдық кезінде. Енді біздің де шәкірт тәрбиелеу міндетіміз. «Бауыржан шоудан» кеттім деп айта алмаймын. Әлі күнге дейін Бауке деп араласып тұрамын, хабарласып тұрамын. Театрлардың қатары көбейгені жақсы ғой. Бұл үрдіс сонау «Тамашаның» кезінен басталған. Бауыржан ағаның өзі «Тамашадан» қанат қаққан. «Тамашадан» тамырлап жатқан жағдайымыз бар. «Мафия мен тақияны» құрған Сәбит те, Жанатбек те «Тамашадан» шыққан. «Нұрмұқасан» дуэті де, «Орда» тобының да шыққан негізі, түп-тамыры «Тамашада» жатыр. «Тамашаның» тарландарынан тәлім алған таланттардың дені бүгінде жемісті еңбек етіп жүр. Танылмай тасада қалып кеткен бірі жоқ. Әрқайсысының өзіндік орны бар. Енді өз алдымызға отау құрып шыққанда өз өнерімізге, дарынымызға сендік. Жастар жұмыс істеп жатыр. Жалындаған жас өскіндердің арындаған қайратына сенім артып отырмыз. Алар асу алда ғой. Елдің үмітін ақтап, көңілінен шығармыз деген мақсатымыз бар.
- «Нысанаға» дайын КВН-щиктерді тартты деп кінә артатындар басым...Басқа таланттарды тарту ойыңызда болған жоқ па?
- Мен сол таланттарды тауып алдым ғой, бастысы. Жұмыс істесең де өсек. Істемесең тағы да. Қолымнан келіп жұмыс істеп жатырмын ба, халық қабылдап жатыр ма бастысы сол емес пе? КВН-шиктердің өнерін кім жоққа шығара алады? «Тамаша» туралы да, «Бауыржан шоу» туралы да әңгіме айтады. Мұның бәрі де өздері бола алмайтын, болғанды көре алмайтындардың сөзі ғой. Мұның бәрі пендешілік.
- Әзіл-сықақ театрларына ортақ бір кемшілік кейбір қойылымдары бір-біріне ұқсап кетеді. Тіпті кейде кімнің-кімнен «ұрлағанын» ажырата алмай қалып жатады. Сіздің театрыңыз да осы кемшіліктен ада емес сықылды...
- Қазір орындалып жүрген музыкалық жанрдағы қойылымдарды әу баста біз шығарғанбыз. «Индиялық махаббатты» баста біз қойдық. Оның алдында «Жанұяны» шығардық. Сол кезде кейбіреулер бізге күлген. «Әбеке мына істеп жүргенің не? Басқа ештеңе таппай қалдың ба?» деп күлген-ді. Мюзиклді де біз шығарғанбыз. Енді кейде арада уақыт салынып кетеді. Кейде басқа да мәселелер кедергі болады.
- Жоспарсыз жұмыстың алға баспайтыны белгілі...
- Еліміз тыныш болса, амандық берсе жұмыс істеу керек. Жұмыс, жұмыс және жұмыс...
- Туған жеріңіз туралы бір-екі ауыз айта кетсеңіз...
- Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданы, Төреарық ауылының тумасымын. Үлкен отбасыда тәрбие алдым. Бес ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген отбасының екіншісімін. Әке-шешеміз өмір бойы «біреудің ала жібін аттама» деп өсиет еткен. Соны өмірлік ұстаным етіп келе жатқан жағдайымыз бар. Өмір дегенің қамшының сабындай ғана қысқа ғой. Сол қысқа ғана ғұмырда сыйластыққа не жетсін?! Біреуді алдап, арбап ақша тапқаның ертең алдыңнан мың есе болып шығады. Қолдан келгенінше жақсылық жаса деп үйреткен. Бабамыз өте әзілқой адам болған екен. Анам да, әкем де сөз түйреуден құралақан емес. Соғыс жылдарында еңсесі түскен елді серпілтейік деп әзіл-сықақтан концерт қойып береді екен. Ол кезде қайдағы театр, қайдағы сахна?! Қостың қасында ән шырқап, көңіл көтерудің өзі үлкен демеу ғой. Көзкөргендер «бабаңның өнерінің қасында сенікі аз» дейді. Қанмен келетін нәрсе ғой. Солардан қалған негізді ары қарай дамытып, еңбектеніп жүріп жатырмыз. Тек талпыну керек. Талпынсаң Алла береді. Сүт сүт күйінше тұра бермейді. Адамның еңбегімен ғана майға айналады. Сол сияқты «Еңбек – бәрін де жеңбек»...
- Ән айтудан да құралақан емессіз...
- Енді кезінде жүректен шыққан жақсы бір әнді айттым. Оған клип те түсірілді. Театр ашқан соң көңілімнің бәрі соған ауған. Енді оның биік белестерден көрінуі үшін барымызды салып, тер төгіп жатырмыз. Оның жұмысы біраз жолға қойылып, бір ізге түскен соң өзімнің шығармашылығыма да көңіл бөлетін кез келер. Көптің көңілінен шығып жатсақ, «Әбеке, сіз де бір ән айтпайсыз ба?» деп жігіттер қолқалап жатса көрерміз. Көп идеялар бар. Әндер де бар.
- Өзге театрлардан өзгешелеу етерліктей қандай идеяларыңыз бар?
- Өзгешеліктің не керегі бар? Халықтың көңілінен шықсақ болды емес пе? Қойылымдарды қысқа да нұсқа етіп бере білсек, бары да нәрі де сол ғой. Ол үшін іздену керек. Талмай талаптану керек. Осындай керек-керек деген дүниелер. Барыңды салып, бар өнеріңді төгіп жүрекпен ойнасаң ол жүрекке сөзсіз жетеді.
- «Қосылған қос өзен секілденіп» жарыңыз Лиза екеуіңіз өнер айдынында бірге жүзіп келесіздер. Отбасындағы екеудің де өнер адамы болуы қаншалықты қиын, қаншалықты оңай?..
- Расында өнер жолы қиын жол деп жатамыз. Оның түпкі мәнісіне көп адам бойлай бермейді... Жұбайым Лиза Қарақалпақстанның қызы. Сонау қиыр өлкеден Алматыға арман қуып келген кезінде танысқанбыз. Өңінен ибалылықтың желі есіп тұрған, қос бұрымы төгілген аруға көз тіккендер де көп болды. Тағдырымыз шығар шаңырақты бірлесіп көтеруді Тәңірім нәсіп етіпті. «Басында театрды қайтесің? Бір үйден бір адам жетеді. Үйде отыр. Бала тап, бала бақ...» деп қатты кетіппін. Мұным қате екенін уақыт өте келе түсіндім. Бірде концерттен соң Бауыржан аға үйіне қонаққа шақырды. Ыңғай өнер адамдары көңілді отырыс болды. Лидия Кәденова апайымызды қолқалап өнерін ортаға салуын өтініп едік, ол кісі ағып тұрған, тұнып тұрған талант қой іліп кетті. «Актриса» деген монологын оқыды. Бір қарасам Лизам жылап отыр. Тебіреніп, толқып кетсе керек. Осыдан кейін оның бекерге талантын тұсаулап жүргенімді түсіндім. Бүгінде жұбайым Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белді актрисасы. Балаларымды да бағады, жұмысына да үлгереді. Айналамның бәрі таптай. Алтын асықтай екі ұл, үш қыз сыйлады. Тәубә деймін. «Бес ұл тапқан ананы ханым десе болмай ма...» деген сөз бар ғой. Жұбайымды «Ханым» деп атаймын. Кейде өзінің азан шақырып қойған атын ұмытып кете жаздайтын кездері де болып тұрады. Қазақи тәлім тәрбиемен сусындап өскен ол кісінің алдын қия баспайды. Асыра мақтағаным емес бұл. Маған әліге дейін Сіз деп сөйлейді. Балаларымның тәрбиесіне де қатаңдау қарайды. Ұлттық рухта тәрбиелеуге бар күш жігерін салады. Осынысы ұнайды маған. Көбіне гастрольдік сапарда боламын. Тәрбиенің тізгінін ұстап отырған оған барынша сенім артамын. Оңтүстіктің келіні болған соң ауылға барғанда басына орамал салып, иіліп сәлемін жасап өз жолынан жаңылған емес. Қайныларының бәрін өз атымен атамайды. Дәстүрімізді даттап жүретіндерге бұл жақпайтын шығар. Дегенмен нағыз қазақы қалпынан жаңылмаған жандар өзіме ұнайды. Үлкен ұлымның есімі - Әбілмансұр, кішкентай ұлымның аты Әл Фараби. Алла тағала аян берген соң осылай атауды жөн көрдік. Үлкен ұлым Өнер академиясының түлегі. Баста өзі таңдаған соң қарсы болмадық. Спортпен айналысқанды жақсы көреді...
- Бір-бірлеріңіздің өнерлеріңізді кейде мақтап, кейде даттап дегендей сын айтасыздар ма?
- Әрине, сын адамды өсірмесе, өшірмейді ғой. Ең алғаш танысып, достасып жүрген шағымызда Лизаның «Сахна тілінен» тапсыратын емтиханына барып қатысқаным бар. Әншейінде апайлары мақтап жүрген әртіс қызым мені көрген соң бар өнерін көрсете алмай қысылып қалғаны бар. Содан кейін ұялтпайын деп бірде-бір қойлымына, бірде-бір спектакльіне барып көрген емеспін. Осы сөзімнен бүгінге дейін айныған емеспін. Спектакльде ойнаған күні сыртта күтіп тұрамын. Қандай рольде ойнағанын суреттен көремін. Бүгіндері ғой, «енді келіп көре беруіңе болады» дейді. Бірақ о баста сөз бергеннен кейін айныған дұрыс емес шығар. Ал, ол менің кештерімнен қалған емес. Дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс деп турасын айтады. Сыны шын болып шыққан соң мойындамасқа шара жоқ. Кеткен кемшілікті түзетуге тырысамыз.
- Сұхбатыңызға рахмет!

Қызықты оқиғасы
Оқу жылының басында Алматының маңайына жүзім теруге бардық. Бірде жүзім бағынан қайтып келе жатқанда Лизаның соңына түстім. Қатарласа бере «Екеуміз жүрсек қайтеді?» дедім. Лиза өте ұяң болатын. Адамның бетіне тіктеп қарай алмайтын. Сөзімнің түпкі мәнісіне бойлай алмады-ау, «Жүрсек жүрейік, онсыз да жүріп келе жатырмыз ғой» деді. Сөзін іле «Онда жүрдік» дедім де кетіп қалдым.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста