Семейде Абайға қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Омбы мұрағатынан ұлы ақынның Шыңғыс болыстығына басшы болып сайланғанын растайтын құжат табылды, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.
Бұл жайында брифингте Абай қорық-мұражайының мамандары мәлімдеді. Жалпы Абайдың болыстыққа сайланғанын бұл құжат табылғанға дейін де жұртшылық білетін еді. Бұған қатысты ақпар ұлы ойшылдың туыстарының естелігінде жазылған. Алайда бұны растайтын құжатты ешкім көрмеген. 121 жылдан кейін табылған құжат барлық жорамалды сейілтіп отыр.
«Әуезов айтқандай, Абайдың болыс болғандығын тағы да 3 жылға ұлғайтып, 15 жыл болыс болды деген деректі нақты бұйрықтық негізде тауып отырмыз», - дейді Абай қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір.
bnews.kz