Абайдың інісі, Алаштың ірісі

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Абайын ардақтаған ел Қайымын да қастерлей білуге тиіс. Себебі Абайдың артында қалған мұраларына бас-көз болуды өзіне мұрат тұтып, тіпті Абайдың ақындық мектебі жайлы ауызға алғаны үшін ғұмырын қуғында өткізген бірден-бір тұлға осы Қайым Мұхамедхановтай-ақ болсын. Бұл – ардақты тұлғаның бір ғана қыры, ал тұтас алғанда, өз өмірін ақиқат үшін, тарихи шындық жолында құрбан етсе де, ешкімге мұң-зарын айтып шағынбауы – Қайымның қайыспас қара нарлығының нағыз дәлелі. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы осы бір ғазиз жанның 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Бақидың емес, тұп-тура осы пәнидің адам қолымен жасалған «тозағы» Карлаг-ты көріп, одан аман-есен келген осы бір ­есім иесімен абайтану, шәкәрімтану, әуе­зовта­ну сынды үш бірдей үлкен тағылым сала­сы байланысты. Одан бөлек, еліміз тарихы­­ның елеулі оқиғаларының қағазға түсуінде,  мәдениет пен өнер, әдебиеттану, театр та­рихы секілді іргелі ғылым сала­ла­рында Қа­йым Мұхамедхановтың тамшы­ла­ған те­рі жатыр.
Жабал Шойымбетов, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Абай ғы­лы­ми-зерттеу орталығының атқарушы директоры:
– Ақиқатында, әу бастан күні бү­гінгі аралықта Алаш мойындаған үш абай­танушы бар: ең біріншісі, әрине, Мұхтар Әуезов, содан соң Қайым Мұхамедханов және үшіншісі – қазірде көзі тірі Мекемтас Мырзахметов. Бұл үшеуі де – Абай үшін Алла берген өмірінің бар қызығынан бас тарта білгендер, Абай үшін арын да, жанын да, білімін де сарп еткен ғазиз жандар. Ал Абай жолы – өте ауыр жол. Қайым Мұхамедханов тіпті осы Абайды қорғағаны үшін репрессияға ұшырап, 25 жылға кесілгені бізге аян.
Маған бүгінде көп адам: «Сіз ба­қыт­тысыз, Қайым ағамен бірге қыз­мет істедіңіз, сырластыңыз», – дейді. Шындығында, Қайым ағаның өзі өмір­­де өте қарапайым, бұл өмірде жүріп-ақ тозақтың шетін көрсе де, өзін сонша мықты ұстайтын. Соның бәрін мен бүгінгі ұрпаққа үлгі қылып көрсетер едім. Сонда кейде Қайым ағаға: «Аға, сіз осы көп нәрсе көрдіңіз, бірақ үндемейсіз, тіпті еш қиындық көр­­мегендей міз бақпайсыз, неге ең құрығанда соның шет жағасын айт­пай­сыз?» – десем: «Е, ол кезді еске тү­сіріп қажеті жоқ, ол зиян», – дейтін. Содан өзімінің түйгенім, қазақты өзі құрбан болды, сол себепті бір-бірін ұстап беру секілді ұсақтыққа жол беріп қойғанын іштей түсініп, қазбаламайын де­гені шығар деп. Ұйқы-тұйқы ғұмыр кеш­кен ұлттың ешбірін жамандағысы кел­меген болар, үндемейтін. Ұлттың сон­шалықты ауыр тағдырын өз бойына сый­дырып, сақтап, үнсіз өзімен алып кетті.
Динара Мұхамедханова, қызы, Қайым Мұ­хамедханов атындағы қордың төр­айымы:
– Әкемді репрессияға ұшыратушы­лар­дың бар артқан кінәсі – Абайдың ақын­дық ортасы тақырыбын қорға­ған­дығы. Сол үшін ату жазасына ке­сі­ліп бара жатқан жерінен, құдай сақ­тап, 25 жылға бас бостандығынан айы­руға өзгертілді. Сонда әкемізге бір ғана шарт қойыпты: «Егер де Мұхтар Әуезов мені зорлықпен осы ғылыми дис­сертацияны жазуға мәжбүрледі десең, құтыласың» деген. Ал ол кісі болса, біріншіден, Мұхтар Әуезовке деген өзінің інілік сүйіспеншілігін, екіншіден, ұлтын сатудан бас тартты. «Алаштықтардың қасында біз кімбіз, олар да кетті ғой» деп, азапты ғұмырды өзі таңдаған, есесіне, ұлтының төбесіне көтерген ұлы болып қалды.
Қайым Мұхамедхановтың абайтану­дағы еңбегі бір төбе де, өзінің қазақ ұл­ты­на қосқан еңбегі бір төбе. Сол ұлтына сі­ңірген ұшан-теңіз еңбегінің үлкен бір қы­ры – Қайым ағаның КСРО за­манында қа­зақтың өз әнұранын жазуы. Мүйізі қа­рағайдай мықтылар түскен бәйгеде не­бары 27 жастағы жап-жас жігіттің мәтіні оза шапқанда, жұрт алғаш аңтарыла қалған. Себебі ол тұс әлі Қайымның қа­лың қазаққа таныла қоймаған кезі бо­латын. Ал Қайымға сонда  ақылгөй бол­ған, оны қолдаған Мұхтар Әуезов еді. Осының өзі неге тұрады? Сондай-ақ Алаш арыстарының еңбегін араб қар­пі­нен кириллицаға түсіруді ең алғаш қол­ға алған да – осы бір қайраткер тұл­ға. Абай, Шәкәрім, Әуезов сынды үш алыпты тану ғылымының негізін қа­лағанымен қоса, кейін Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиевтің ақталуына көп ең­бек сіңіргенін де айта кету керекпіз. Сөз со­ңын  белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұрт­байдың мына сөзімен түйіндесек: «Қайым Мұхамедханов – Абайдың інісі, Алаштың ірісі».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста