Алматы облысында Абай күніне орай «Абайдың ақын ұлдары» атты еңбектің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10 тамыз – Абай күні. Алматы облысында атаулы датаға орайластырылып мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Жаңалық ауылындағы «аштық және саяси қуғын сүргін құрбандарына» арналған музейде, Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары жайында сыр шертілген кеш өтті.
Игі шараға жиналған зиялы қауым Абай – ұлт болмысын танудың алтын кілті. Қазақ дүние танымының заңғар шыңы дей келе Ұлы тұлға жайлы ұлағатты әңгімелерін тиегін ағытты.