Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі «Абай жолы» – тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы, «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық берілді.
«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүниежүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. «Бұл да аз, - деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын, бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». «Абай жолын» оқыған Камерун жазушысы Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Лев Толстойды оқымай орысты, Оноро де Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын. «Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қаныш Сәтбаев: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі» - деп аса әдемі айтқан. Ғабит Мүсіреповтың өзі «Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім» деген екен. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Алғашқы кітаптың шыққанына биыл 72 жыл болады.
"Абай жолы" роман-эпопеясы туралы әлем жазушылары қандай пікір айтты
Последние статьи автора