Абай елін аралап, Абайдың әнін алып қайттым

Роза ӘЛҚОЖА, әнші, сазгер:

– Роза, биылғы жаз мау­сы­мын­да Абай туған топырақты ара­лап, Ертістегі елге концерт қойған көрінесіз. Ұлы Абай бір кездері «Батысым Шығыс боп кетті десе», сіздің де «Жайы­ғы­ңыз Ертіс боп кеткендей» ме, қа­лай? Әрине, әзіл ғой, әйтпесе қазақ­тың қай даласына ән арнасаңыз да әбден жарасады емес пе? Ендеше, сапар жайын айта отыр­са­ңыз...
– Қазақстанның біраз жерін аралап, кон­церт беріп жүрсек те, биылғы шығысқа сапар ерекше есте қалып, көңілге түрлі ой салды. Себебін өздеріңіз де білесіздер, Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды тұлғалар ту­ған ауыл Қарауылды көру – өзгеше бір се­зім, өзгеше бір бақыт. Шынымды айтсам, сондай бір үлкен жауапкершілікпен, бойым­­ды аздап қорқыныш билеп бар­ған­мын. Және концертке халық соншалық көп, тіпті балконға дейін лық тола жина­ла­ды деп ойламаппын. Репертуарымда Абай­дың тым құрығанда бір әні жоғын сол жолы ой­ланып, қатты ұялдым. Алайда Абай елі кі­нәм­шіл емес, керісінше кеңпейіл жұрт екен, алғаш «Мен сыйға тартқан ора­мал­дан» бастап керемет қарсы алды. Осыған дейін еліміздің қаласы бар, ауылы бар, он шақты жерінде концерт өткіздім ғой, бірақ соның ішінде ең жоғары деңгейде өткені осы Қарауылдағы концерт болды. Бір әнге үш рет иіліп сәлем беруге тура кел­ді. Өйткені қол шапалақтап тұрып алғаны. Ме­ніңше, бұл – әуелі әнге құрмет, әннің нағыз тың­дар­мандары ғана сондай құрмет көрсете алады деп ойлаймын мен. Сонан соң тағы бір таңғалғаным, концерт ба­ры­сын­да «ма­ған сұрақтарыңыз болса, хат жа­зып оты­ры­ңыз­дар» дегенбіз, ең сауатты сұ­рақты осы Қарауылдың тұр­ғын­дары бер­ді. Кәдімгі жүйелі, сауатты, са­лауат­ты сұ­рақты оқып, осының иесі бір үлкен кісі болды ғой деп тұруын өтінсең, залдан бір оқушы көтеріледі орнынан. Топырақтың бекер киелі атан­ба­ғанын білдім сонда. Қа­сым­да әйгілі әнші Гүлмира Сарина да бол­ған. Осы Қарауылдан соң Семейде, Өс­ке­мен­де өткіздік. Осы тұста мен өзім куә бол­ған ерекше жағдайға тоқ­тала кетсем, Қа­рауыл­да бізді есімі бүтін елге танымал тұлға, әндерін біршама әнші­лер орындап жүр­ген белгілі сазгер Мей­рам­бек Жан­бо­ла­тов ағамыздың отбасы қонаққа ша­қыр­ды. Әлгінде «Абайдың бір әні жоқ екен ре­пертуарымда» деп қысыл­ға­нымды айт­тым ғой, ойым­ды оқып қой­ғандай, осы үйдегі апа­мыз «мынау Мей­рамбек аға­ла­рыңның Абай­дың сөзіне жаз­ған әні еді» деп, Гүлмира екеумізге үл­кен сый жасады. Одан бұрын Мейрамбек аға­ның өзімен кездесу бізге үлкен әсер қал­дырды. Бұрын әндерін ғана естіп, сонау халық әндері секілді тұ­нық бастаудан нәр алған әндерге сүйсініп жүруші едік, осы жо­лы өзін де көріп, әнін де алдық. Аталған са­пар­­дан алған әсеріміздің күштілігі тағы құш­­тар­лан­дырды ма, осы өлкеге араға айлар салып та­ғы бардық. Бұл жолы Өс­ке­мен­дегі Орал­хан Көшеров атындағы бай­қау­ға. Оралхан Көшеров – 40-50 шақты ән жазған, ерте марқұм боп кеткен сазгер. Көпшілік осы бір есімді көбіне Жанар Ай­жа­нованың орын­дауын­дағы «Достарым» әні арқылы таниды. Гүл­мира Сарина бай­қау­дың бас жүлдесін ие­лен­ді.
Абайға баратын жол жоқ...
– Мен осы жолы бір нәрсеге қарным аш­ты. Оны айта кетсем, айып болмас па екен?
– «Айтпасаң, сөздің атасы өледі» не­месе «тыңдалмаған сөз жетім» де­мей ме қазақ, ендеше, көкейге келгенді ір­кіп қалмаңыз...
– Өскемен  енді-енді қаза­қы­ла­нып ке­ле жатқан жер ғой, бірақ білдей бір об­лыс­тың орталығы емес пе, сөйте тұра бір­де-бір мәдениет үйі жоқ. Сенесіз бе? Бұ­рын болған, қазір жекеменшікке өтіп ке­тіп­ті. Осы байқауды өткізу үшін әлгі же­ке­мен­шік мәдениет үйін 500 мың теңгеге жал­ға алыпты. Ондай ақшаға Алматы сахна­ла­ры­ның бірін жалдауға болады ғой. Жеке­меншікке өтіп, керемет соңғы үлгімен жаб­дықталып тұр­са да жарар еді ғой, жоқ, керісінше құ­лау­дың аз-ақ алдында тұр. Тіпті төбесінде  сол баяғы КСРО-ның гербі – балға мен орақ­тың суреті алынбаған күйде. Өске­мен­нің Мәдениет депар­та­мен­ті­нің бас­ты­ғы­мен сөйлескенімде, ол кісінің өзі ша­ра­сыз халдерін мойындап отыр. Ол жер­де ірі шаралар өтпей жатқан жоқ, мысалы, был­тыр Ислам Әбіштің де­меу­ші­лі­гімен бас жүл­десіне бір миллион теңге тігілген ақын­дар мүшәйрасы өтті, биыл тағы бір мил­лион екі жүз тігіл­ген мү­шәй­ра өт­кі­зіл­мекші, со­ның бәріне бір ошақ ке­рек қой. Мәдениет үйі жоқ жерде мә­дениет қа­лай наси­хат­тал­мақ?
– Бұл, расында, үл­кен мәселе, әнші ре­тінде ғана емес, ел мә­дениетінің жа­на­шы­ры ретінде осын­дай жайт­тар­ға көз жұ­ма қара­ма­ғаныңыз жөн екен, алай­да шы­ғыс­қа са­пар­дың соңы шабыт сый­лаған да бо­лар?
– Әрине, аталған сапардан кейін «Ертістің жаға­лауын­да» деген жаңа ән туды. Осы әнмен «Шығыс жұл­дыз­да­ры» атты байқауға қа­тыс­қалы жатыр­мын, бұйыр­­са. Өткен жо­лы асы­ғыс болды деп, жа­ны­ма жол­дасымды алып, Абай ауы­лы­на та­ғы соқ­тық. Сондағы проб­­ле­ма­ны ай­тайын сізге. Мы­салы, кеше Мұ­­­қа­ға­ли тойын­­да ақын ауы­лы­на ба­ра­тын жол­ды қандай керемет жа­­­сап қойған, қой­нау­дағы жай­лаудың өзіне электр жа­рығын жеткізгенін көрдік. Әрине, Мұқағали ха­лық­тың жақсы көретін ақыны деп жүрміз, алайда Абай  қазақ­тың бас ақыны ғой! Ал енді сол Абай еліне баратын жол жоқ. «Жет­кізбейді кезең, өткізбейді өзен» де­ген­дей, Семей­ден Қарауылға дейінгі 200 ша­қырымдық жолды жүріп өту мұң болды. Сонда ойға қалдым, «Абай­ды ізде­мей­тін қазақ жоқ», онда қа­лай бас ақынды қас­терлеп, ауы­лына апа­ра­тын қотыр жолға асфальт төсейтін қазақ табылмайды? Оба­лы не керек, Жидебай, Бөрілі, Арқат ауыл­да­рын­дағы елдің пейі­лінде шек жоқ. Семей­лік­терден үлгі алатын бір қасиет – дәл олар­дай жақсысын жарқырата көрсете алатын жұрт жоқ екен. Жай ғана көрсету емес, сайы­ның тасына дейін тарихын сай­ра­тып айтып бергенде, көз алдыңа сол кез су­рет болып келе қалады. «Еңлік-Кебектің» өзі қандай тарих! На­ғыз туризмнің ор­та­лығына айнал­ды­ра­тын-ақ жер, бірақ соған сервис жасалса...
Оралхан Бөкей шығармасына кино түсіргендей болдық
– Өз шығармашылығыңызға жаңа леп енгенін, жақында жаңа әнге жақсы бір клип түсіргеніңізді естіп жатырмыз. Қан­дай ән, қандай клип екеніне тоқ­тала кетсеңіз?..
– «Жүрек назы» атты жаңа ән жаз­ған­мын, соған Оралхан Бөкейдің «Жылымық» атты әңгімесінің желісі бойынша клип тү­сірдім. Клип емес, ол бір кино іспетті бол­ды. Өзімнің туындым емес, бейне Орал­хан­ның алдындағы парызым сынды әсер етті, сондықтан үлкен жауапкершілікпен кі­ріс­тім. «Еларнадан» бастап бердік. Қазір қаржыға байланысты клипті бас­қа да ар­на­лар­дан бере алмай отыр­мыз.
– Оралхан Бөкей шығармасын таң­дап алуыңызға не себеп? Ән әлде сол әңгімені оқыған сәтте, соның әсерінен туып па еді?
– Қазір қазақ клипінде бәрі де бар ғой: атып кету де, ауырып қалу да, тәубаға келу де, басқасы да. Сондықтан өзімше ізденіп, тың жаңалық қосқым келді. Негізі, өзім Оралхан Бөкейді әрдайым оқып, өзіме рухани азық алып тұрамын. Осы әннің сө­зін жазған ақын Құралай Омар екеуміз бір­де әңгіме барысында оқыған шы­ғар­ма­ла­рымызды талдай отырып, «Жылымық» жайлы айтып кеткенбіз. Бірақ нақты клипке арқау етейік деген ой болған емес еді. Әнге де алғашында басқа сюжетпен ак­тер­лер тауып, кіріскелі жатқанбыз. Бірақ әй­теуір белгісіз бір күш біздерді кері ше­гін­діріп, клиптің түсірілу барысында көңіліміз өз дегенін таппай, мазасыз күй кештік. Ке­нет Құралайдың «Роза, «Жылымықты» ал­сақ ше, клипке айналдыруға болмас па?» демесі бар ма? «Мәссаған, идея!» деп әлгі жер­де көңілім іздегенін енді тапқандай, тіпті клиптің құрамын түгелімен таратып, бас­қа құрам іздеуге тура келсе де, бастысы, дегенімнің дөп түскеніне қуанып кеттім. Бұл клип енді оңайға да соққан жоқ, ар­зан­ға да түскен жоқ, шаршадық, сабылдық, бірақ енді көрген жұрт бірден-ақ кәсіби са­палы дүние екенін бірден аңғарды. Бы­лай­ша айтқанда, Оралхан Бөкей шы­ғар­ма­сына кино түсіргендей болдық. Менің қорыққаным, Оралхан десе, қазақ зиялы­лары сынайды ғой деген ой еді. Бірақ жұртшылық жылы қабылдап, бағасын беріп жатыр.
– Роза, меніңше, сіз эстрадаға тың жа­ңалық әкелгендейсіз. Себебі про­за­ны эстрада арқылы жарнамалау деген басқа-басқа, қазақ эстрадасында бұ­рын болмаған жағдай десем орынды шы­ғар...
– Егер халық жаңалық деп қабылдаса, шы­нында, солай болар. Ал өзім үшін бұл сон­­дай-ақ алғашқы режиссерлік те жұ­мы­сым болған секілді. Ресми режиссерлік емес, әрине, бірақ клип сюжетін о бастан ой­­лап, аяғына дейін алып шығуда өзім сон­­дай үлкен жауапкершілік жүгін се­зін­дім.
– Тек әнші ғана емес, Роза Әлқожа десе, бүгінде ел-жұртыңыз сазгер, ақын деп те танитындай жөніңіз бар. Ал шығармашылық адамының қа­шан­да жай жүрмей ой құшып, мұң ке­шіп жүретіні белгілі. Соңғы кезде нен­дей ой мазалап жүр сізді?
– Бір түсінгенім, адам есейген сайын елін, туған топырағын ерекше сағынады екен. Мен осыны соңғы кездері қатты се­зі­ніп жүрмін. Туған жерімнің ше­ка­ра­ның арғы бетіндегі  Өзбекстан тер­ри­то­рия­сын­да қалғаны жаныма қатты батады. Ба­ла­лы­ғымның балғын іздері қалған, ата­ма еріп қой баққан жерлерге бүгінде тіпті визамен де кір­гіз­бей­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста