2018 жылы екінші рет шаңырақ көтерген әнші Абай Бегейдің отбасы тағы бір жанмен толықты. Танымал жұлдыздың шаңырағында ұл бала дүниеге келген. Бұл туралы тележүргізуші Анна Данченко өзінің Instagam парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.
Сүйінші сұраған тележүргізушінің жазуынша, әнші ұлына Мүсілім деген есім берген көрінеді.
Қуанышты хабарды естіген желі қолданушылары бесінші рет әке атанған әншіге ақ тілегін жаудырып, баласына құтты болсын айтуда.
Еске сала кетейік, Абай Бегейдің 2015-ші жылы дүниеден озған бірінші жарынан үш қызы мен бір ұлы бар.