82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны рас па (видео)

Ғаламтор кеңістігінде 82 жасында отау құрған Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны жайлы ақпарат тарап кетті. Қазақ эстрадасының жұлдызы өзінен 45 жас кіші журналист аруға үйленген болатын. Өнер иесі желідегі мәліметтерге қатысты қандай пікір білдіргенін деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Нұрғали Нүсіпжановтың тағы да әке атанғаны жайлы қауесеттер түрлі әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

 

Ондағы ақпаратқа сәйкес, журналист Жадыра Сейдеш белгілі әншіге ұл бала сыйлағаны жазылған. "Paparazzi" бағдарламасының тілшілері эстрада жұлдызынан бұл жаңалыққа қатысты пікір алмақ болып, оны сұхбатқа тартты.

 

Алайда, өнер иесі ұлды болғаны туралы толыққанды жауап бермей қойды. Камераны көрген бойда ол қысқа сөйлеп, бұрылып кетіп қалған.

 

"Бәрі дұрыс, көкем. Бәрі құтты болсын деп жатыр" , - деп екі ойлы жауап берді Нұрғали Нүсіпжанов.

 

Еске сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші аруға үйленгені туралы ақпарат өткен жылдың 27 тамызында жарыққа шықты. Желіде Жадыра Сейдеш екеуінің тойындағы суреттері тарап кеткен болатын.

 

Өнер иесінің таңдауы белгілі журналист Жадыра Сейдешке түскен. Олардың таныстығы тойларына дейін бес жыл бұрын орын алған. Ақпарат өкілі әншіден сұхбат алған.

 

Сонымен қатар, Нүсіпжановтың досы, белгілі сықақшы Көпен Әмірбек оның шаңырақ көтеруіне қатысты пікір білдірді. Ол өзінен 45 жас кіші аруды жар еткен әйгілі әншінің қайтадан отбасын құруына не себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның ойынша, қарт әртіс ұлды болуды аңсаған.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста