66 жылдық тарихы бар кілем мұражайға тарту етілді

Абай мұражайы құнды жәді­гермен толықты. Ұлы ойшылдың 100 жылдық мерейтойында  Абай бейнесі бейнеленген, қолдан тоқылған кілем сыйға келген. Сол зат күні бүгінге дейін ақынның шөбересі Ғазел Жағы­парқызы Мағауинаның  үйінде сақталып келіпті. Ғазел апа дү­ние салар алдында осы жәдігер­ді Абай мұражайына тапсыруды туыстарына аманат етіпті. Сол аманатқа қиянат жасамай, Ғазел Жағыпарқызының туыстары кілемді таяуда мұражайға әкеліп тапсырды. 
Мұражай қызметкерлері «бұл – таптырмас жәдігер әрі үлкен олжа» деп отыр. Тықыр кілем техникасымен тоқылған құнды жәдігердің орта тұсында Абайдың шың басында қа­ғаз-қалам ұстап отырған бейнесі бейне­ленген. Бірақ кілемді кімнің тоқығаны бел­гісіз. Бір белгілісі – оны ақынның бір ға­сыр­лық мерейтойына арнайы тоқып әкел­ген. Мамандар кілемді, бәлкім, сол кезде Ғазел апаға сыйға тартқан болар деп топ­шылап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста