Отандық актриса Гүлнар Бабосынова инстаграм парақшасына елең еткізер видео жариялады. Аталған видеода әртіс әріптесімен сүйіскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодан екі ғашықтың бір-біріне ынтықтығын, құштарлығын анық байқауға болады.
Ал Байбосынованың кадрдағы жұбы - актер Ринат Дошибеков.
Қос актер отандық картинада ғашықтардың рөлін сомдаған.
Желі қолданушылары бірауыздан фильмді асыға күтіп жүргенін жеткізді.