Америкалық Rolling Stone журналы 2017 жылдың ең нашар 10 фильмінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Ең нашар фильм ретінде режиссер Майкл Бэйдің «Трансформерлер: Соңғы сері» фантастикалық блокбастері бірінші орынға шыққан. Фильм өте сәтсіз түсірілген дейді сарапшылар.
Екінші орынға Стивен Кингтің «Қара мұнара» романдар сериясының негізінде түсірілген кинофраншиза ие болды.
Ал ең нашар үштіктің қатарында «Сұр түстің 50 реңі» мелодрамасы тұр.
Сондай-ақ, ұнамсыз фильмдер қатарынан Терренс Маликтің «Әннен әнге» картинасы, Том Круздың «Мумия», Эльба мен Кейт Уинслеттің «Арамызда таулар бар» картинасы, Люк Бессонның «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы», «Сәлем, әке, Жаңа жыл!» комедиясының екінші бөлімі, Джордж Клунидің «Субурбикон» фильмі табылды.
Рейтингтің соңын «Эмоджи фильм» анимациялық лентасы тұйықтады.