20 мың долларға фильм түсіруге болады

Жақында Лев Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінің студенттері айтыскер-ақын, жазушы Баянғали Әлім­­­жановтың сценарийі бойын­ша түсірілген «Асау тол­қын» фильмін тамашалады. Жалынды жастық кезінде адам­ның асау тол­қын­ға мініп, кейде жаман мен жақсыны ажырата алмай кететіні рас. Ондай кезде сабырға шақыратын ақылдың болғаны дұрыс. Ал оның негізі қайда? Әрине, ұлттық тәрбиеде. Осы филоcофияны арқау еткен фильм­нің Астанадағы көрсетілімі кезінде кинозал жастарға лық толды.
Бұған дейін «Асау толқын» фильмі Көк­шетау қаласында алғаш рет көрсетілген кез­де де залда ине шаншар жер болмады. Сол кезде аталған кино бір күн емес, үш күн қа­тарынан көрсе­тіл­ді. Көрермен бір сәтке де толастамады. Себебі «Асау толқын» филь­мін­де бүгінгі жас­тардың өмірі, мәде­ниеті мен тәрбиесі ашық көрсетілді. Жақ­сы­лық пен жамандық, зұлымдық пен мейірім ар­палысқан өмір соқ­пағында өс­ке­лең ұрпақ­тың шалыс баспай, жаман­дыққа ұрынбай же­тілуіне,  адамгершілік пен ізгілік сияқ­­ты қасиеттерді бойына сіңіріп, қалыптасуына шақыратын фильм­­нің тағы­лымды тұстары көп. Автор оның бәрін жастардың студенттік өмірі арқылы шебер көрсете білді. Фильм жастарға тікелей тіл қатып, сауал қоя отырып жақ­сылық пен жаман­дық, таңдаған өмір жо­лының мағынасы туралы ойларын оятуға тыры­сады. Бұл  үлкендердің жастарға: «Қай­­да барасыңдар? Кім болып бара жатыр­сыңдар?» деген жанайқайы іспетті. Негізгі әңгіме – қатыгездік, рэкетирлік жол­ға түскен колледж студенттері мен олардың зор­лы­ғына қарсы шыққан жас ғашықтар туралы. Әртүрлі өмір жолын таңдаған жастардың бітіспес қақтығысы ауыр жағ­дайларға әке­ліп соғады. Әйтеуір, үзілмей қалған нәзік үміт қана көңілге медеу болады. «Көркем фильмде жақ­сы ісімен сүйсін­діретін жағымды кейіпкердің де, жағымсыз кейіп­кер­дің де бейнесі шынайы кескін­делг­ен. Көрермен жақсыдан үйре­не­тінін, жа­ман­нан жиренетінін топ­шылап, айқын аңғара ала­ды. Ақан сері атындағы мәдениет колледжі­нің оқушылары Данияр Тұранов, Жан­сая Сейітқалиева, Данияр Құл­мағанов, Гүлнұр Қожанова­ның тыр­нақ­алды рөліндегі қаҺар­ман­дарының қы­лықтары жүрек қарып, көпшілік үйлеріндегі балаларын ойлай бастағаны, «мұн­дайдан құдай сақ­тасын» дегені залдағы күбір-күбір­ден бай­қалды. Сон­дай-ақ киноға кешегі сена­тор, бү­гінгі бас дәрігер Серік Аяғанов­тың, облыс әкімі­нің бұрынғы орын­басары, ардагер ағамыз Болат Жан­әділовтің түсуі, олардың өз кейіпкерлері арқылы жастар тәрбиесіндегі қоғамдық ықпалды бейнелеуі толғантпай қой­майды», – дейді журналист Бақберген Амалбек.
«Паң Нұрмағамбет» киностудиясы тү­сірген «Асау толқынның» сценарий авторы әрі қоюшы режиссері ақын, дра­матург, киностудияның көр­кемдік жетекшісі Баян­ғали Әлім­жанов болса, продюсерлері – Ма­рат Нәбиев және Арнұр Нұрқатов. Қою­шы операторлары – Мұхтар Ержанов пен Вик­тор Пузырников. 2006 жылы құрылған киностудия бұған дейін «Ән мен анаша», «Аран», «Айқан» және тағы басқа фильм­дерді түсірді. Шыны керек, ол шығармалар қарапайым техниканың негізінде түсірілсе де, халқымыздың бүгінгі өмірін боямасыз түрде көрсетуімен құнды. Осы орайда «Паң Нұрмағамбет» киностудиясының ашылуы­на қолдау көрсеткен ақын Әскен Нәбиевтің баласы Марат Нәбиевтің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Киностудияны ашқан кезде, кәсіпкер М.Нәбиев былай деп айт­қан көрі­неді: «Шығармашылық жұмысты өнер аза­маттары басқаруы тиіс. Оған саясат пен ақша араласпауы қажет. Себебі ақша болған жерде өнер өспейді. Қалаған шығармаңыз­ды түсіріңіз, ал қаржы жағын мен өзім қам­тамасыз ете­мін».
Баянғали ӘЛІМЖАНОВ, «Асау толқын» фильмі сценарийінің авторы әрі қоюшы режиссері:
 – «Асау толқын» – бұл студент-жастар туралы фильм. Әрине, бір кино жастардың барлық өмірін қамтиды деп айтқан қате болар. Себебі бір шығар­мамен тұтас бір өмірді қамту мүмкін емес. «Асау толқын» – бүгінгі жастар өмірінің бір қыры. Ол фильм арқылы біз теріс кетіп бара жатқан жастарға «Әй, бұларың қалай?» дегендей бол­дық. «Асау толқын» фильмі – Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі студенттерінің дебюті, олар алғаш рет фильмге түсіп отыр. Балалар оған қатты қуанды. Әрине, біз  «Қазақфильм» емеспіз. Ондай техникалық мүмкіндік­теріміз жоқ. Екі камерамыз бар. Соның шопыры, есепшісі, режиссері, сцена­рисі – бәрі-бәрі жалғыз өзім (күлді). Осы фильм он төрт күннің ішінде бас-аяғы 20 мың долларға түсірілді. Бұл – бір клиптің ақшасы. Солай емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста