Кембридж Университетінің әдістемесін Қазақстанда пайдаланудың тиімділігі

Кембридж Университетінің әдістемесін Қазақстанда пайдаланудың тиімділігі

Аты-жөні: Зыкирьянова Маржан Далелхановна
Білімі: жоғары
Қызмет орны: Алматы облысы Қапшағай қаласы Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Эссе Мұғалімдер білім беру технологиясы саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруі тиіс. «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз!» деген сөзді ұран қып, Кембридж білім әлемінің есігін ашып, мен үш айлық курсты бітіріп келдім. Ойға оқып, көңілге тоқығандарымыз, әрине, көп болды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, өзіндік уәждерін нақты жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу. Бұл оқу жайлы өзіндік пікірімді айтқым келеді.
Біріншіден, оқу маған ұнады. Несімен? Күндерім бос өтпеді. Мен ең бастысы, бұрын- соңды болмаған 7 модульді үйрендім. Сыни тұрғыдан ойлау дегеннің мәнін аша отырып, топтық жұмыс, сергіту сәтінің түрлері, әр түрлі маңызды стратегиялар, бағалау түрлерін меңгеріп шықтым. Балалар білімді өз беттерінше үйрене отырып қабылдайды дегенге басында, шындығында, мүмкін емес деп қарсы болғам. Мен 7 модульді сабақ барысында қолдана отырып, оқушыларымның өзгергеніне көзім жетті. Сөзімнің басында айтылған біз де өзгереміз деген ұранымыздың құрғақ сөз болып қалмағанына көзім жетті. Білім беру барысында курстан үйренген әдіс-тәсілдерді сабағымда үнемі қолданып жүрмін. Әрине ол кезде қиыншылықтар да болды. Ондай қиындықтарды жеңу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазақстанның әлемдік деңгейге көтерілуіне бұл тәжірибенің әсері көп деп білем. Интеллектуалдық серпін болған жерде табыс та мол болады. Қазақстан бойынша осы бағдарламаны меңгеріп жатқан мұғалімдердің арасында менің де болғаным - мен үшін мақтаныш. Неге іс –тәжірибемде қолданбасқа? Неге Қазақстанның дамуына өзіндік үлесімді қоспасқа? Болашақта осы бағдарламамен сусындаған қазақтың әрбір баласы Қазақстанның дамуына үлес қосады деп ойлаймын. Мен бұл бағдарламаны қолдаймын! Сондықтан мен өзіме жүктелген мақсат-міндеттерді орындаудың тиімді жолдарын тауып, мемлекетіміздің құрметті ұлттық сананың биігіне көтерілуіне, білім беру саласында алдыңғы қатардан көрінуге өз ықпалымды тигіземін деген сенімдемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста