Атауы өзгерген елдерді шатастырмайық
Біреулер Аомыньді Макао дейді. Шатастырмас үшін анығын білсек деп едік. Жалпы, өз тарихи атауын өзгерткен елдер бар ма?
Тайыр Бектемісов, Алматы
Сіз сұрап отырған қазіргі Аомынь бір кездері Макао деп аталған. Жалпы, атауын өзгерткен елдер тым көп, олардың бәрін қамту мүмкін емес. Дегенмен, біразын атап өтсек. Мәселен, кезінде қазіргі Мысыр – Біріккен араб республикасы (Сириямен бірге), Бангладеш – Шығыс Бенгалия және одан кейін Шығыс Пәкістан, Бенин – Дагомея, Гаити – Эспаньола, Гана – Алтын жағалау, Индонезия – Нидерландылық Ост-Индия, Иран – Персия, Ирак–Месопотамия, Камбоджа – Кампучия, Конго – Заир, Малайзия – Малайя, Мьянма – Бирма, БАӘ – Келісімді Оман, Сянган – Гонгонг, Тайланд – Сиам, Түркия – Осман империясы, одан кейін Оттоман империясы, Шри-Ланка – Цейлон, Эфиопия – Абиссиния деп аталған болатын.