Бірінші жартылай орта салмақта IBF ұйымының бұрынғы чемпионы Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО) осы титулдың қазіргі иегері пуэрториколық Сабриель Матиаспен (19-1, 19 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
ESPN мәліметінше, айқас 26 тамыз АҚШ-та өтеді.
Липинец жаттығу лагерін бастап кетті. Кейінгі рет ол рингке былтыр Қазақстан атынан шыққан. Ол айқаста Липинец америкалық Омар Фигероаны сегізінші раундта нокаутқа түсіріп, WBC Silver белбеуін иеленген.
Ал Матиас 2021 жылы мамырда қазақстандық Батыр Джукембаевты мерзімінен бұрын жеңген болатын. Бұл Батырдың карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.