Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) вице-президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.
Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі тараттты. Кореяның Чеджу қаласында өтіп жатқан AIBA Конгресінде ұйым басшыларының сайлауы өтті. Бұл сайлауда Тимур Құлыбаев та өз кандидатурасын ұсынып, AIBA құрамына кіретін 198 ұлттық федерацияның өкілдері мен ұйымның президенті Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын мақұлдаған. Бұдан бөлек мәжіліс барысында Тимур Асқарұлы AIBA-ның биыл ғана тұсауын кескен AIBA Pro Boxing жобасының да вице-президенті болып тағайындалды.
Сондай-ақ Конгресс барысында ұйымның президенті болып Чинг-Куо Ву қайта сайланды. Айта кетейік, доктор Ву Халықаралық әуесқой бокс федерациясының тізгінін 2006 жылдан бері ұстап, осымен үшінші мәрте президент болып сайланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін AIBA Конгресінде қазақ боксының жарық жұлдызы Серік Қонақбаев AIBA вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының президенті болып сайланған еді.
Тимур Құлыбаев AIBA-ның вице-президенті болып қайта сайланды
Читайте также
Бақтияр Артаев: Айсұлу Ыбрашова мас болды
Жұлдыздар фабрикасы немесе AIBA қулығы
Азия ойындарында бастан жарақат алған боксшы болған жоқ – AIBA
Геннадий ГОЛОВКИН: Мен не үшін Ресейдің намысын қорғауым керек?
Украиналық Хитров Головкинмен кездесуді көздейді
Қарақозыны былғары қолғап шеберлері еске алды
Последние статьи автора