Таразда бокстан ел чемпионаты өтуде
Кеше Тараз қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Біріншілікке Астана, Алматы қаласы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан 15, Қарағанды облысынан - 13, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан - 12, Павлодар облысынан - 11, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарынан - 10, ал, Бастыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан 6 боксшы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күнінде 56 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшылар арасында Радкулов (Қостанай облысы), Көшеғұлов (Ақмола облысы), Өтелбаев (Алматы облысы), Қыдырбаев (Жамбыл областы), Ізбасаров (Ақтөбе областы), Тойытов (Астана), Жақыпов (Жамбыл облысы) 1/16 финалға жолдама алды.
Ал 60 келіде қолғап түйістірген боксшылар арасында Жұмсақбаев (Астана), Балтиев (ОҚО), Шваб (Қостанай областы), Қуатов (Павлодар облысы), Ілиясов (ШҚО), Шолақов (Маңғыстау облысы), Момынов (Ақмола облысы), Уайдаев (Кызылорда облысы), Сейдалиев (Ақтөбе облысы), Сафиуллин (ОҚО) алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті.
Бүгін ел чемпионатының екінші сессиясында 52, 64, 69, 81, 91, +91 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылар өзара шеберлік байқасады.
Айта кетейік, ел біріншілігіне 18 жастан жоғары боксшылар қатыса алады. Чемпионат қорытындысы бойынша жүлдеге ілінген боксшылар Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі атанады. Бұл жолы ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары чемпионаттан босатылып отыр.