Олимпиада ойындарында үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогының 2016 жылғы иесі анықталды.
Рио Олимпиадасында 49 келіге дейін салмақта чемпион атанған өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов 2016 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері атанды.
Тарихта алғаш рет өзбек боксшысы Баркер кубогына қол жеткізіп отыр.
Айта кетейік, 1936 жылдан бері табысталып келе жатқан сыйлыққа қазақ боксшылары үш рет қол жеткізген. Василий Жиров (1996 жылы), Бақтияр Артаев (2004 жылы), Серік Сәпиев 2012 жылы.