Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (20-0-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін колумбиялық боксшы Хуан де Анхельге (18-3-1, 17 КО) қарсы өткізеді. Кездесу 8 мамыр күні АҚШ-тың Майами қаласында өтеді, деп хабарлайды .
Айта кетейік, отандасымыз бүгінге дейін кәсіпқой карьерасында 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 17 қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Ал 28 жастағы Хуан де Анxель 22 кездесудің 18-інде жеңген, 3 қарсыласына жол берген, 1 жекпе-жегін тең аяқтаған, 17 қарсыласын нокаутқа жіберген.