Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті медальға ілікті

Өзбекстан құрамасындағы қазақ жігіті медальға ілікті

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өзбекстандық Руслан Абдуллаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ жігіті 63,5 келіге дейінгі салмақта франциялық Лунес Амрауимен шеберлік байқасты.

Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің төртеуі жеңісті Руслан Абдуллаевқа берді.

Осылайша, жартылай финалға өткен Руслан Абдуллаев кемінде қола медаль алады.

Ол финалға шығу үшін олимпиада мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, армениялық Оганес Бачковпен таласады.

Бұдан үш-төрт жыл бұрын Руслан Абдуллаев Қазақстанға келіп, ел құрамасына ілігуді мақсат еткенімен, ол ойы орындалмай, Өзбекстанға қайтып кеткен еді.

Осы чемпионатта Өзбекстаннан Хасанбой Дусматов (51 кг) пен Абдумалик Халоков (57 кг) жартылай финалға өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионатында қарсыласын нокаутпен ұтқанын жазған едік.

Қазақстан құрамасынан капитан Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауов ширек финалға өтті, ал Нұрқанат Райыс пен Серік Теміржанов ширек финалға шыға алмады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста