Ең мықты боксшы карьерасындағы ең мықты қарсыласты атады
Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек туралы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Кроуфорд 2014 жылы жеңіл салмақта кубалық Юриоркис Гамбоамен титулды жекпе-жекті кареьрасындағы ең ауыр болғанын айтады.
Теренс ол айқаста тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
"Гамбоаны келесі Флойд Мейвезер деп атайтын. Ол pound for pound тізіміндегі ең мықты боксшылар қатарында болды. Рейтингі де жоғары еді. Олимпиада чемпионы. Ол маған қарағанда тәжірибелі болды, сондықтан мен ол айқаста көп дүние үйрендім. Мен ешқашан ол сияқты боксшымен бетпе-бет келген емес едім", - деп береді Кроуфордтың сөзін Boxing Social.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz