Елордадағы кеші: Айдос Ербосынұлы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Екінші орта салмақтағы WBC Asia, WBO Global және WBA International чемпионы, қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) ганалық Исаха Самирге (19-0, 16 КО) қарсы жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ербосынұлы &ndash Самир жекпе-жегі 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінің алғашқы жекпе-жегі болады.

 

Кешті «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.

 

Бәске қазақстандық спортшыға тиесілі WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдары қойылған.

 

Таразыда Айдос 76,2 кг салмақ көрсетті, оның қарсыласы &ndash 75,6 кг. Салмақ өлшегеннен кейін боксшылар көз арбасу дуэлін өткізді.

 

16 желтоқсанда елордада бокс кеші өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

 

Рингке сондай-ақ қазақстандық 4 боксшы шығатын болады.

 

 Шоу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:30-да басталып, «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста