Орта салмақта WBO белбеуінің иегері 28 жастағы британдық боксшы Билли Джо Сондерс кәсіпқой бокста келесі кездесуін қашан өткізетіні белгілі болды.
Сондрес келесі кездесуін 14 сәуір күні Ұлыбританияда өтетін үлкен бокс кешінде өткізеді. Жекпе-жек кеші Лондондағы O2 Arena стадионында өтеді.
Британдық боксшының қарсыласы әлі белгісіз. Сонымен қатар бұл бокс кешіне қатысатын басқа боксшылардың емесі анықталған жоқ әлі. Сондрес өз белбеуіне үміткер боксшылардың бірімен кездесіп қалуы әбден мүмкін.
Еске салайық, қазіргі уақытта Геннадий Головкинге орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атану үшін осы WBO белбеуі ғана жетіспей тұр. Қазақстандық боксшы мен британдық боксшының промоутерлері 2016 жылы жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізген еді. Бірақ келісімге келе алмады.
Сондрес өзінің соңғы кездесуін 16 желтоқсан күні Канадада жергілікті боксшы Давид Лемьеге (38-4, 33 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Бұл жекпе-жектен кейін ол шаршы алаңда тұрып Головкинді кездесуге шақырды.