Әлімханұлының келесі чемпиондық айқасына қарсылас табылды
Британиялық журналист Элиот Фостер қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына WBO чемпиондығын қорғауға лайқыты қарсылас ұсынды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол осы ұсынысын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Айта кетейік, 13 мамыр Калифорния штатындағы "Стоктон-Аренада" Жәнібек канадалық Стивен Батлермен айқасады.
"Стивен Батлер жаман боксшы емес, бірақ чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға лайықтылырадың ең жақсысы емес. Әлімханұлына Феликс Кэш дұрыс болатын еді. Жеңілмеген британиялық боксшы ұйым рейтингінде Батлерден жоғары тұр. Оның үстіне ол қазақстандықтың бұрынғы қарсыласы - Дензел Бентлиді жеңген. Жеңіліссіз келе жатқан статистикасын да ескеру керек. Меніңше, келесі қорғауға Кэш ең жақсы қарсылас", - дейді Фостер.