«Жас Отан» 3 тілде білім алуды дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда

«Жас Отан» 3 тілде білім алуды дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда

Алматыда «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырлыған «Еркін пікір» дискуссиялық кездесуі бұл жолы ерекше форматта – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының саябағында табиғат аясында өтті.

Кездесу барысында Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Дулат Қасымов жастарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Жас Отан» Жастар қанатының жүргізіп жатқан басты жұмыстарымен таныстырды.

- Қазіргі таңда «Жас Отан» жастар қанаты «Рухани жаңғыру» негізінде 3 тілді білім алуды дамыту бойынша ауқымды іс-шараларды қиын-кезеңмен жүзеге асыруда. Оның басты мақсаты – мүмкіндігінше қала жастарына ағылшын тілін үйретіп, басқа да шет тілдерді меңгеру деңгейін көтеру болып табылады. Науқанның ерекшелігі ағылшын тілі дәрістерінің ақысыз түрде жүргізілуі. Бұл ағымдағы жылдың маусымынан шілденің соңына дейін жалғасады. Сондай-ақ, тек қала аумағында шектеліп қоймай, іргелес ауылдық аймақтарлың жастарына да бір ай көлемінде мамандар тегін сабақ беріледі,- деді Д.Қасымов.

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жас Отанның» «J.O. prodaction» жобасы да іске асырылуда. Жобаның мақсаты – креативті режиссер-сценаристтер, дизайнер-суретшілер, граффисттер, журналист, музыкант, фотограф пен хореографтардың басын қосып, жүйелі жұмыстар жүргізу үшін «Жас Отанның» жаңа кеңсесінде шығармашылық топ құру. Топ медиа жарықтандырумен, түрлі әлеуметтік видеоларды әзірлеумен, жастарға арналған әндер шығарумен, бейне бағдарламалар жүргізумен және т.б. айналысатын болады.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алды. Жастар «Жас Отанның» бастамаларына толығымен қолдау білдіріп, партияның одан әрі жаңғыруы аясында басқа да бірқатар ұсыныстар жасады.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста