Түрлі ұлт өкілдерінен шыққан жастар қазақ ақындарының жырларын жатқа оқиды

Түрлі ұлт өкілдерінен шыққан жастар қазақ ақындарының жырларын жатқа оқиды

Жастар – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына, мемлекеттік тілді жетік білуіне елімізде барынша жағдай жасалды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы да жастарымыздың жан-жақты білімді болуына ықпал етіп келеді. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ. Қазақстанның дарынды жастарымыздың бірі –   Феруза Сұлтанмұратова. Ол Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті. Феруза жастайынан қазақ тілін жақсы меңгерген. Ұлты бөлек болса да, ол қазақ тілін ана тіліндей құрметтейді. Дарынды жас қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқиды.

Жақында Феруза ҚР Ұлттық кітапханасында мемлекеттік тілді дамытуға арналған «Тіл – татулық тірегі» атты байқауға қатысқан болатын. Бұл байқауда этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері – орыс, ұйғыр, күрд, өзбек, ауған, түрік, неміс және т.б. ұлт өкілдері қазақ тілінде бақ сынады. Қатысушылар үш тур бойы бәсекеге түсті. Бірінші турда олар биыл туғанына 125 жас толып отырған ақын Мағжан Жұмабаевтың өлендерін жатқа оқыды. Екінші турда «Ұлттарды ұйыстырған қазақ халқы» атты эсселерін жұртшылыққа таныстырды. Үшінші турда қазақша ән айтып, би билеп, қойылым көрсетті.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек бастаған қазылар алқасының шешімінен кейін 1-орын Ұлттық Ұланның жас жауынгері Александр Мамыкинке бұйырды. Оған ноутбук табыс етілді. Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Феруза Сұлтанмұратова 2-орын алып, планшет иеленді. 3-орынды 10-сынып оқушысы Русалина Асиева алып, фотоаппаратты қанжығасына байлады.

Айта кетейік, байқауды Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі ұйымдастырды.

Айым Нұр
Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста