"Салтанат" ансамблі Алматы мен Астана көрермендерін қуантты

"Салтанат" ансамблі Алматы мен Астана көрермендерін қуантты

 Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен мәдениетті, өнері біте қайнасып жатады. Әсіресе рухани астана атанған Алматы қаласын мекен еткен ұлттар бір-бірінің дәстүрі мен мәдениетіне, өнеріне құрметпен қарап, түрлі өнер ұжымдарында бірлесіп қызмет атқарады. Алматыда түрлі ұлттар мен ұлыстардың қатысуымен өтетін әрбір шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы үнемі қолдау білдіріп отырады.
Әлемдегі барлық халыққа ортақ өнердің бірі – би. Әр ұлттың өзіне тән биі болады. Әлем елдерінің биін меңгерген еліміздегі ең танымал ұжымның бірі «Салтанат» би ансамблі. Таяуда Алматыда "Салтанат" би ансамбілі концерт берген болатын. Сондай-ақ танымал ансамбль Астананың 20 жылдық мерейтойына орай да үлкен  коьнцерт берді. Ұлттық фольклорлық халық мұрасын ұлықтап жүрген ұжым көрерменге халық билерінен бөлек бірнеше қойылым да ұсынды. Ансамбль Жеңіске арналған және он алтын қыз әндерінің сахналық көрсетілімін асқан шеберлікпен орындап, жиналғандардың қошеметіне бөленді. 63 жылдық тарихы бар Салтанат би ансамблінінің репертуарында Қазақстандағы ұлыстар мен әлем халықтарының билерінен құралған 130-дан аса концерттік қойылым бар. Және ол әрдайым жаңарып отырады. Ұжымда түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. 

Қазақ КСР халық әртісі, Украина КСР-на еңбегі сіңген әртісі Чернышева Лидия Демьяновнаның басшылығымен 1955 жылы Қазақ КСР ән-би ансамблі құрылған. Ұжым Алматы және Киев консерваторияларының, Ленинград және Алматы музыкалық училищелерінің жас түлектерінен тұрған. Ансамбльдің тұжырымдамасымен ұжымның қатысушыларына талаптар қойылды. Олар ән салып, би билеп қана қоймай, бейбітшілік, достық және ұлттар бірлігінің үлгісі болуы керек болды. Сондықтан, "Сұлулық әлемді құтқарады" деген қанатты сөзді ұран етіп алып, ансамбль ән мен би арқылы өз қызметін жүзеге асырған.
Ұжым алғашқы жылдардың өзінде-ақ бағдарламаларымен әртүрлі фестивалдар мен конкурстарға қатысты. Мәскеу қаласы студенттер мен жастардың Дүниежүзілік фестивалінің жеңімпазы және Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты болған.
Мұндай бастама ансамбльді одан әрі дамыту үшін жақсы ынталандыру болды. Олар концерттерімен бүкіл Кеңес Одағын шарлады, әлемнің түкпір-түкпіріне гастролдік сапарға шықты. Қай жерге бармасын, оларды аса қошеметпен гүлге көмкерген сүйікті көрермендері күтіп алды.
1967 жылы жоғары орындаушылық шеберлігі және музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнерді дамытуда сіңірген үлкен еңбектері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының Жарлығымен ансамбльге "Еңбек сіңірген" құрметті атағы беріледі.
1989 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен ҚазКСР ән және би ансамблі ҚР Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблі болып қайта құрылды.
ҚР "Салтанат" еңбек сіңірген Мемлекеттік би ансамблінің шығармашылық жолының соңғы он бес жылдығы республикадағы қайта құру және демократиялық өзгерістерімен тығыз байланысты. Осы кезеңде әлемдік хореографиялық мәдениетін насихаттауда және қазақ сахна хореографиясында жаңа стильдің дамуында олар негізгі бағыттарын айқындап, ансамбльдің шығармашылығына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Ансамбльдің алдындағы бай тәжірибесі бар, сондай-ақ «Гүлдер» ансамблінің белгілі бір дәрежедегі солисті ретінде белгілі, қазақ халық биінің хореографиясының оқыту әдістемесі бойынша жоғары оқу орындарына арналған көптеген басылымдардың авторы, Қазақ КСР халық әртісі Шара Жиенқұлованың үздік оқушысы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мәдениет министрлігінің тағайындауымен көркемдік жетекші және бас балетмейстр болған Орумбаева Гүлсәуле "Салтанат" ансамблінің классикалық би мектептері мен халық би фольклорының синтезінде жетекшілік етіп, шығармашылық үрдісті тез ұйымдастыруға және реформалауға, жаңа стилді қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірді.
Мұндай орасан еңбек Қазақстан халықтары билерінің нағыз әуенін, ішкі қуатын және сұлулығын сахнада көрсетуге мүмкіндік берді.
Бұған Пусан қаласындағы (Оңтүстік Корея, 1998-жыл) халық билері ұжымының конкурсында Халықаралық әділқазылар бірауыздан келісті. «Салтанат» ұжымы лауреат атанып, сандал ағашына жазылған құттықтау дипломымен марапатталды. Сол жылы Мәскеу қаласының әкімдігінің шақыртуымен ансамбль Мәскеудің 850-жылдық мерейтойына қатысып, Мәскеу қаласының мэрі Лужков С.М. мырзаның Құрмет грамотасымен марапатталды. Халық шығармашылығы «Салтанат» ансамблі үшін репертуарларын жаңа хореографиялық шығармалармен кеңейтіп, құру үшін таптырмас мүмкіндік болды. Ал «Салтанат» ансамблінің орындауындағы қазақ ұлттық биі барлық концерттік бағдарламаларда достықтың және халықтар бірлігінің бейнесі болды.
Ансамбльдің 2000-жылдан 2004-жыл аралығындағы еліміздегі және шетелдегі гастролдік сапарлары, Қазақстанның ауылдық жерлеріне сапарлары адамдардың жүрегінен жылы орын алды. Ұжым көптеген басшылықтардың жақсы пікірлері мен алғысына бөленді. Ал 2001-жылдан 2006-жыл аралығындағы ансамбль орта есеппен жылына 3-тен 6-айға дейін болған ҚХР, сондай-ақ Түркия, Ресей, Бельгия, АҚШ елдеріне барған шетелдік гастролдері ұжымның шығармашылық жолдары мен репертуарларының дұрыстығын көрсетті. ҚХР мәдениет министрлігі біздің ұжымға Қытайдың 16-аймағының басшылары қол қойған кәсібилік пен шеберлік үшін үздік деген жоғары атақты сыйлады.
«Салтанат» ансамблінің жыл сайынғы есеп беру концерті Астана және Алматы қалаларында жаңа бағдарламамен өтіп, екі қаланың тұрғындары мен қонақтары алдында үлкен табысқа ие болады. Шетелдік көрермендер мен сыншылар ««Салтанат» би ансамблінің концертін тамашалау – бөтен елге барып, оның халқымен танысумен бірдей» деген баға берді. «Салтанаттың» өнері – «нағыз халықтық» өнер. Онда дәстүр мен тарихтың тереңдігі, қазіргі заманның бояуы бар.
Осы жетістіктердің барлығы ұжымның тынымсыз еңбегінің, керемет ынтасының және кәсібиліктің арқасында келді. Шығармашылық дамуының қазіргі кезеңінде «Салтанат» ансамблінің репертуары Қазақстан халықтары билерінің сан алуан бейнесі мен әлем халқының би мәдениетінің алуан түрлігі көрініс тапқан 130-дан аса нөмірді қамтыған. Қалыптасқан көркемдік-педагогикалық ұжым соңғы он жылда ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлсәуле Орумбаеваның жетекшілігімен рухани жағынан және шығармашылық тұрғыдан пікірлес жандарға айналды.
Педагог-үйретушіҚазақ КСР халық әртісі Инесса Манская, үйретуші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сұлтан Бапов, Бағытбай Қадышев өздерінің би және педагогикалық үлкен тәжірибелерін балеттің жас әртістеріне үйретіп, күн сайын жастардың қазіргі және алдағы репетуарларындағы билерін өздерінің кәсіби ыждаһаттылығымен,ұқыптылығымен ұштай түсуде. Сондықтан ансамблдің әрбір концерті қайталанбас өнер туындысындай өтеді.
«Салтанат» ансамблінде тәрбиеленген саңлақ балет әртістері шынайы сенімділікпен және өзіндік ерекшелікпен, жоғарғы орындаушылық техникасымен бидің ұлттық бейнесін ашып, би бейнелерінің жарқын көрінісін көз алдыңа келтіреді.
«Салтанат» би ансамблінің шығармашылығы және әртістердің, басшылық құрамның және қызметкерлердің жеке шеберлігі бірнеше рет үкіметтік марапаттармен және ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің марапаттарымен мадақталды. Балеттің он алты әртісі ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Мәдениет Қайраткері» құрметті атағына, үш қызметкері үкіметтік марапат - «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісіне лайық болды. Көркемдік жетекші, бас балетмейстер, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлсәуле Орумбаева «Құрмет» орденімен марапатталды.
Ансамбльдің шығармашылығы «Салтанат» ансамблінің құрылғанына 50-жыл болған мерейтойында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан, сондай-ақ ҚР Мәжіліс басшыларынан, республиканың көптеген көрнекті саяси қайраткерлері мен өнер қайраткерлерінен, ансамбль жанкүйерлерінен құттықтау хаттарын алған кезде үлкен қуаныш пен құрметке бөленді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлігін толық насихаттай алатын жалғыз кәсіби би ұжымы болып отыр. Жарты ғасыр бұрын қалыптасқан қазақ халқының биін кәсіби түрде орындау және насихаттау қағидасын қазіргі таңда ҚР мәдениет өкілдерінің үздігі, «Салтанат» ансамблінің көркемдік жетекшісі Гүлсәуле Орумбаева лайықты түрде жүзеге асырып келеді. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған мәдени саясаттың табысты дамуы мен барлық демократиялық өзгерістердің жарқын үлгісі болып отыр.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста