Қазақстандағы Корей этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Алматыда бас қосты

Қазақстандағы Корей этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Алматыда бас қосты

 Таяуда Алматыда «Коре ильбо» газетінің 95 жылдығына арналған ТМД елдері мен этникалық отанындағы корей бұқаралық ақпарат құралдарының жайы, ынтымақтастығы мен даму келешегі жайында ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға қатысушылар корей жастарының ұлттық баспасөз бен электрондық басылымдарға деген ынта-ықыласын арттыру мәселесі жайлы сөз етті.
Корей бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі медиа-нарықтан лайықты орын алып, уақыт талабына сай биіктен көрінуі тиіс деді олар. Жиынға журналистер, кәсіпкерлер, ғалымдар және Қазақстан корейлері қауымдастығының мүшелері қатысты.
Владислав Цой, Қазақстан корейлері қауымдастығы төрағасының орынбасары: – 1923 жылы корейлер газеттің бірінші номерін шығарды, Сол кездің өзінде бұл мәдениеттің жаңа деңгейі болып бағаланды. Ал қазір газетке тас ғасырынан қалған белгідей қарайды. Бүгінгі уақыт сондай. Газетке қызықтыру үшін жастарды тақырып аясы кең, қоғамның өзекті мәселелері жөнінде ой қозғайтын мазмұнды материалдарымызбен баурап алсақ дейміз. Осы мәселені шешудің әдіс-тәсілдері қарастырылды.
Георгий Кан, тарихшы: – Қазақстандағы және шетелдердегі корейлердің өмірін, олардың рухани әлемін арқау етіп, дәл осы газеттей көтеретін басқа бірде бір басылым жоқ. Сондықтан бәсекелесі де жоқ деп айта аламыз. Газет журналистерінің басты міндеті осы тақырыпты терең талдап, қырманға қажетті ақпаратты біліктілікпен жеткізу.
«Коре ильбо» газетінің 95 жылдығын атап өтуге арналған мерекелік бағдарламасы аясында Қазақстан корейлері қауымдастығы басқармасының екінші пленумы өтті. Пленумға корей этномәдени бірлестіктері аймақтық бөлімдерінің басшылары қатысты. Олар газет қызметкерлерінің Коре иьбоның мерейтойымен құттықтауы үшін және атқарылған жұмыстары жайлы есеп беріп, алдағы іс-жоспарларын талқылау үшін Алматыға арнайы келді.
Қазақстан корейлері қауымдастығывның «Нетворкинг» деп аталатын жаңа жобасын дамытқымыз келеді. Алдағы уақыта қажетті онлайн механизмдердің бәрін іске қосып, ең ауқымды аймақтық желі құруды жоспарлап отырмыз.
Он алты ұйымды қамтитын Қазақстан корейлері қауымдастығының желісі әлеуметтік желілердегі байланыс жүйесінің негізгі арналарымен жабдықталады. Қазіргі заманға бір онлайн желіге құйылса дейміз. Бұл желі Қазақстан корейлеріне және барша қазақстандықтарға біздің бағдарлама жайлы ақпарат береді.
Қазақстан корейлері қауымдастығы қашан да үлкен белестерден көрініп келеді. Бүгінгі күні Рухани жаңғыру аясында рухани таным-түсінігімізді дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл шын мәнінде өте мазмұнды бағдарлама. Адамдарға қажетті әлеуметтік жоба.
Жуырда Қазақстан корейлері қауымдастығы басшылығына жұмысты ұйымдастырудың таптаурын жүйесін өзгертуге қабілетті, жаңаша ойлайтын жастар келді. Бұл туралы бұрын да айтқан едік. Іс басына жастардың келуіне байланысты республикамыздағы ең белсенді қоғамдық ұйымдарымыздың бірінде көптеген өзгерістер болдыг. Жастар Қазақстан корейлер қауымдастығы ардагерлерінің сенімін ақтады. «»Ең бастысы үлккендеріміз берн басшылық тізгінін қолға алған жастардың арасындағы сабақтастық үзіліп қалмауы тиіс. Өткенсіз бүгін жоқ, Көпті көрген жандар қай шаруаны да ақыл таразысына салып істейді, асып-таспайды, әдептен аспайды. Сондықтан үлкендердің сөзіне құлақ асу керек. Жастарымыз ата-бабаларымыз айрықша қастерлеген адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп, әрі қарай дамытуы тиіс», дейді Роза Пак.
Қауымдастық жұмысындағы жаңа бағыт қолдауға тұрарлық. Аймақтардағы ұйымға корей ұлты ішінен шыққан мамандарды, заң қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді тарту үшін біраз жұмыстар жүргізілмек. Қазақстан корейлері қауымдастығы президиумы жүргізіп отырған саясаттың негізгі бағыты осындай.
Пленум бағдарламасындағы корей этномәдени бірлестіктері басшыларының есебін жұртшщылық ықыласпен тыңдады. Бірлестік басшыларының есебі аймақтарда да жүзеге асқан шаруалардың аз еместігін көрсетті. Әсіресе Қазақстан Корея ынтымақтьастығын нығайтуда, жеке кәсіпкерлікті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Мысалы, Алматы облыстық Корей этномәдени біролестігі төрағасы Владимир Лидің айтуынша, аймаққа Оңтүстік Кореяның «Фрэнд Азия» қацырымдылығын тартылған. Бұл жоба үш жылға созылмақ. Жоба бойынша, аймақтағы тұрмысы нашар отбасылардың үйлерін жөндеуден өткізіп, күнделікті қажетті азық-түлік алып беріп көмектеседі. Жоба аясында тек корейлерге ғана емес басқа этнос өк ілдеріне де көмек көрсетіледі.

Аймақтардағы корей этномцдени бірлестіктері көптеген жұмыстар істеді. Бірлестіктердің қай-қайсы да алға қойған мақсат-міндеттерін жуапкершілікпен атқаруға күл салады. Қазір Елбасы Жолдауының негізгі тармақтарын қалың қауымға түсіндіру мақсатында қызу жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айым Нұр 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста