Еліміздегі этномәдени бірлестіктер ынтымақ пен бірлікке шақыратын іс-шараларға қоса жаман әдеттерге қарсы күресуге де тізе қосып, бірге қимылдауға шақырады. Осы орайда жақында Алматы автомеханика колледжінің мәдение іс-шаралар залында «Балалар – біздің болашағымыз – есірткісіз өмір» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың басты мақсаты жастар болашақтары жайлы ойланып қана қоймай, олардың болашақтарына деген армандарын ұштау, сондай-ақ олардың армандарын шындыққа айналдыруға көмектесуі үшін жаман әдеттерден аулақ болуын сезінуі мақсатында осы қадамға барғандарын айтады. Аталмыш іс-шараны Алматы қалалық молдова этномәдени бірлестігі, Қазақстан Республикасының Молдова-Румын Ассоциациясы және Алматы автомеханика колледжінің бірігуімен ұйымдастырылған. Іс-шараға Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Элефтерия» Алматы облыстық гректер қоғамдастығының төрағасы, химия ғылымдарының кандидаты Иорданиди Георгий Константинович, Алматы автомеханика колледжінің директоры – Темірбек Аунарбекұлы; «Стругураш» молдова этномәдени бірлестігінің төрайымы Елгелдиева Тамара Николаевна, полиция майоры, Алматы қаласының ІІБ қызметкері Шманов Олжас Каирбаевич, әлеуметтік ғылымдар магистрі; медициналық және психологиялық мәселелер орталығының психологы Стебленко Анастасия Юрьевна, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Академиясының ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Батталханов Болысбек Заманбекұлы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ орыс мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Лукашов Всеволод Анатольевич және басқа да Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Жалпы шараны өткізуге Алматы қаласы әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және өкілдері мұрындық болып, шараның өткізілуіне жоғары баға берді.
Алаш айнасы