Ардагерлер арасында «Қазақстан – біздің ортақ үй» атты байқау өтті

Ардагерлер арасында «Қазақстан – біздің ортақ үй» атты байқау өтті

Алматы қаласындағы Алатау ауданында, Алғабас шағынауданындағы №182 орта мектепте Алатау ауданы ардагерлер ұйымы Қарттар айлығы аясында ардагерлер арасында көркемөнерпаздар байқауын өткізді. Бұл байқау өнер арқылы Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандықтардың қарқынды еңбектерін насихаттауды, сынымен қатар, «Қазақстан – біздің ортақ үй» атты ұранмен халықтар достығын дәріптеуді мақсат тұтты. Салтанатты шарада еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген сүйіспеншіліктері көзге ұрып байқалып тұрды. Елімізге деген осыншалықты құрметтің, махаббаттың, ыстық ықыластың барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан қазақ елінің кең пейіліне деген разылықтары екені айтпаса да түсінікті.
Байқау Алтау аудандық ақсақалдар кеңесі, Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті және Алатау ауданы әкімі аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылып, игі іс жоғары деңгейде өтті.
Өнер додасына Алтау ауданына қарасты 13 шағынауданнан 13 команда қатысып, сахнада барлығы 200 қария өнерлерін ортаға салды. Аталмыш іс-шарада қазыналы қарияларымыз би билеп, ән шырқап, күй тартып, көркем сөз оқып өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ, сахналық қойылымдар қойып актерлік шеберліктерін де көрсетті. Қатысушылар жанды дауыста ән шырқап, жиналған көрермендерді әсем әнмен тербеді. Тыңдармандар қариялардың әніне елітіп, ду қол шапалақтап көтермелеп отырды.
Қарияларымыздың жас ұрпаққа жол көрсетер тұлға екені белгілі, сондықтан бұл байқау нағыз тәрбиеге толы іс-шара болды деуге болады. Салтанатты мерекеге ата-әжелерін қолдап, жанкүйер ретінде немелерінің келуі көңіл толқытты. Ұрпақ жалғастығының алтын арқауына көңіл сүйсінді.
Байқау қортындысы бойынша, 3-орынды «Шаңырақ -2», «Дархан» шағынауданының ардагерлері иемденді. Ал 2-орынды «Парасат» бастауыш ұйымы қанжығаларына байлады. 1-орынды «Қарасу» шағынауданының ардагерлері алды. Барлық жеңімпаздар сыйақылармен марапатталды. Сондай-ақ, 9 номинация бойынша үздік өнер иелері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Көрермен қауым да өнер мерекесінен қарияларымыздың қажымас жігерін көріп, өмірге деген құштарлықтарын сезініп, ұлттар арасындағы ауызбірлікке, сыйластыққа разылықтарын білдіріп тарады. Осындай айтулы шаралар көпшіліктің көңілін серпілтіп, көпке дейін естерінде сақталары сөзсіз. Сондықтан осындай тұтастық пен татулықты ту еткен ізгі шаралар жалғасын таба беруіне тілектеспіз.

Нұрлы Еділов
 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста