Алматының ардагерлері арасында сурет, қолөнер туындыларының көрмесі өтті

Алматының ардагерлері арасында сурет, қолөнер туындыларының көрмесі өтті

Алматы қаласында Астананың 20 жылдық мерейтойынның құрметіне орай ардагерлер арасында қолөнер бұйымдарының және көркем сурет туындыларының көрмесі өтті. Көрмеге қалаға қарасты барлық ауданның ардагерлері қатысып жасаған бұйымдарын, салған суреттерін келушілер назарына ұсынды.
Көрмеге қойылған туындылардың тақырыптары әр алуан. Елордамыз Астананы, асқақтаған Бәйтеректі бенелеген суреттер, әсем табиғаты, тауларды, табиғаттың небір тылсымдары мен қатар махаббат тақырыбындағы, патриоттық рухта саланған туындылар баршылық. Ардагер қариялар өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдар көздің жауын алады. Мөлдіреген моншақтармен кестеленген туындыларға қайта-қайта қарай бергін келеді. Шығармашылық жұмыстардың әрқайсында да ардагерлер қолтаңбасы менмұндалап тұрғандай. Өйткені өмірлік тәжірибенің алар орны өнерде де ерекше ғой.
Көрмеге Түрксіб ауданының ардагерлері де қатысып салған суреттері мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Аудан бойынша қатысушылардың арасынан аудандық Халықтар Достығы фестивалі мен шығармашылық көрмелерден жиырма бес ардагер іріктеліп алынған еді. Олардың өнерлері өте жоғары деңгейде болды.
Өнер туындыларын саралай келе ұйымдастырушылар қатысушыларды жүлделі орындармен марапаттады. Қорытынды бойынша мөлдіреген майда моншақтан зерлеп кесте тігуден 1-орынды Т.Г. Подорогина иемденді. Ал 2-орынға халық суретшісі В.Гончаров пен квилинг-декупаж техникасының шебері Т.Г Губинаның туындылары лайық деп танылды. Жүлделі 3-орын Астана туралы мәнерлеп оқыған өлеңі үшін Т.Г Губинаға табысталды. «Россиянка» атты орыс әндерінің хор ансамблі қалалық Ардагерлер кеңесінің грамотасымен марапатталды.
Көрме соңы музыкалық-поэтикалық мерекелік шараға ұласты. Ардагер өнерпаздар ұйымдастырушыларға алғыс айтып тарасты. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің нышанын балалары мен қарияларынан жүзінен байқауға болады. Біз көрме-мереке қатысқан қариялардың бақытты жүзінен осыны байқадық.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста