Алматылықтар Бірлік мерекесі қарсаңында гүлдер фестивалін тамашалайды
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні қарсаңында Орталық саябақта гүлдер мерекесін тамашалай алады, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
29 сәуірде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Орталық саябақта құлпырған гүлдерді тамашалауға болады. Шара Алматы қаласы әкімдігінің, Медеу ауданы әкімдігінің, қалалық білім басқармасы және Алматы қаласы «Жас натуралистер станциясы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен өтпек. Биыл тұңғыш рет егілген егілген «Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтың жаңа түрін де осы шарадан көруге болады. Гүлдің бұл сортын Астананың 20 жылдық мерейтойына орай голландиялық ғалымдар Елбасымызға арнайы тарту етіпті. Көркі көз тартарлық қызғалдақтың бұл түрі Алматыдағы Орталық саябақ пен Тұңғыш Президент бағында жайқалып тұр. 3 мың шаршы метр жерде гүлдердің небір түрлері бар. «Мың бір кызғалдақ» фестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отыр.
Орталық саябаққа келген қонақтар «Көктемгі қиял»,«Көктемің нәзік гүлдері», «Қызғалдақ шеруі», «Көктемнің алуан түрлері» сияқты көптеген мәдени шараларды тамашалай алады.
«Осы фестивальда көз жауын алатындай әдемі қызғалдақ алқаптарын көресіздер. Сонымен қатар, келген қонақтар мен балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін бірнеше мерекелік іс-шаралар өткіземіз. Қызғалдаққа қатысты түрлі конкурстар мен шеберлік сағаттарына да қатысуға болады. Флористер арасында гүлден костюм жасау сайысы өтпек. Асфальқа сурет салудан балалар арасында байқау ұйымдастырамыз. Шара таңертеңгі 10-нан басталып, кешке дейін жалғасады. Шара барсындағы концертте кішкентай бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетеді.
.jpg)
Сонымен қатар сәуірдің 28-і мен 29-ы күндері Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөсіпірімдер театрының алдындағы саябақта шеберлер жәрмеңкесі өтеді. Онда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген қолөнершілер киізден, ағаштан, керамикадан және былғарыдан жасалған туындарын көпшілік назарына ұсынады. Ал шеберлер сағат 12.00-мен 15.00 аралығында өз шеберліктерінің қыр-сырын бөліседі.
Биылғы 1 мамырда Алматы қаласы ынтымақ пен бірлік мерекесін жылдағыдай үлкен дайындықпен ерекше қылып атап өтпек. Бірлік күні Алматының барлық ауданында қатар тойланады. Мереке өтетін алаңдарда шатырлар тігіледі, сол жерде елімізді мекендеген әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан ауыз тиюге болады.
Абай алаңында таңғы сағат 10:00-де этномәдени бірлестіктердің көрмесі ашылады. Көрмеге әр түрлі ұлттық тұрмыстық заттармен қатар музыка аспаптары да қойылады. Сонымен бірге ұлттық костюм көріністері көрсетіледі.