Алматылық оқушы батырлар жырын жатқа айтып, 1,5 миллион теңге ұтып алды

Алматылық оқушы батырлар жырын жатқа айтып, 1,5 миллион теңге ұтып алды

Кеше «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы мәреге жетті. Жобаға «Алпамыс батыр» жыры таңдалған. Байқауға Алматы қаласындағы барлық мектептің 6-10 сынып аралығында оқитын кез-келген оқушысы қатыстырылып, ішінен ең үздіктері топ жарды. Байқауға қатысуға қала бойынша 1300-ден астам оқушы өтініш білдірген.

Бірауыздан әділқазылардың шешімімен бірінші орынға және 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа Алматы қаласындағы № 180 мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Абсатар иеленді. Екінші орынды және 1 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты №187 лицейдің 6 сынып оқушысы Бердашеву Абылай иемденсе, Үшінші орын мен 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты №152 мектеп гимнизияның 9 сынып оқушысы Бекзат Шардарбек ұтып алған. Оқушылармен қатар оларды дайындаған ұстаздары да марапатсыз қалмады. Майра Мырзахметова, Айжан Оспанбекова и Фарида Сүлейменова секілді ұстаздар, яғни жүл­дегер бол­ған әрбір оқушының тәлім­герлері Анг­лияның Оксфорд қаласындағы тіл білімін же­тілдіру орталығында ағылшын тілін то­лық меңгеріп қайту мүмкіндігіне ие болды. 

Алматы шаһарында алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл Ұлттық жобаға қатысушы өрендер «Алпамыс батыр» туралы жырды мүдірместен жатқа айтып, онда кездесетін көнерген сөздерді талдай отырып, жан-жақты түсіндіріп, қазылар алқасы тарапынан қойылған, мектеп бағдарламасы аясында әзірленген сұрақтарға жауап берген.

Айтулы байқауды Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен «R-Medіa» компаниясы құрамында Алматы қалалық Ішкі саясат бөлімі, Білім, Тілдерді дамыту басқарма­ларының өкілдері бар Ұйым­дастыру комитетінің өкілдерімен бірлесе жүзеге асырған.

«Тұлпар мініп, ту алған» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауының мақсаты – балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау; сол арқылы өрендерді патриотизмге тәр­биелеу, елдік пен ерлік рухына, өрлік, қайсарлық қасиеттерге баулу; талантты балаларды анықтап, оларды көптің алдына шығарып, қолдау көрсету; қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің де мәртебесін көтеріп, олардың кәсіби біліктілігін шыңдауына жағдай жасау.

«Алпамыс батыр» – қазақ хал­қының қаһармандық эпосы. Жырдың халықтың есінен мәңгілік ұмытыл­мастай орын алу себебі – онда тарихи-әлеуметтік шын­дықтың биік көркемдікпен жырлан­уында. Мұндағы бейне­ленетін көрініс­тердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән, мейлінше жақын дүниелер. Алдағы жылдары «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырларының да осындай бірегей жоба­ға арқау болары­на сенеміз.

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста