Қазақстанда мектеп формасы мен оқу құралдарын кімдер тегін алады?

Қазақстанда мектеп формасы мен оқу құралдарын кімдер тегін алады?

Оқу-ағарту министрлігі аз қамтылған отбасыларға мектеп формасы мен керек-жарақ сатып алуға берілетін көмек көлемін ұлғайту туралы бастама көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалар жылында Оқу-ағарту министрлігі "Жалпыға міндетті білім беру" қоры аясында оқушыларға көрсетілетін материалдық көмек ережелеріне өзгерістер енгізген. Халықтың әлеуметтік осал санатындағы 400 мыңнан аса бала мемлекеттен қаржылай қолдауға ие болатыны айтылған.

"Бұған дейін бөлінген сома 17 мыңнан 40 мың теңгеге дейін болса, биыл Оқу-ағарту министрлігінің өтініші бойынша өзгерістер енгізілді. Енді көмек мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 37 389 теңгеден төмен болмауы керек", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен көмек көрсету тетігіне өзгерістер енгізілген. Енді ақша ата-аналарға балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және т.б. өз бетінше таңдай алуы үшін беріледі. Бұған дейін мұның бәрін әкімдіктер сатып алатын және тауар көлеміне, сапасына және т.б. байланысты мәселелер туындайтын.

"Жалпыға міндетті білім беру" қорының аясында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар және т.б. материалдық көмек алады.

"Мектептерді қаржыландыруды, оның ішінде оқушыларды қолдауды әкімдіктер жүзеге асыратындықтан, биыл олар қаржылай көмек алуға тиісті барлық балаларға кемінде 37 389 теңге көлемінде қаражат бөледі. Бұл ең төменгі сома, ал бұрын сомалар әртүрлі болды - 17 мың, 20 мың және 25 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін еді. Бүгінде ең төменгі мөлшерден артық қаржы бөлетін жергілікті атқарушы органдар да бар. Біз бұны тек құптаймыз. Қаражаттың ұлғаюы бұл көмекті алатын 418 мыңнан астам балаға өң әсер етеді", - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста