Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі (кесте)

Жаңадан мектеп бітіріп, жаңа өмірге қадам басқан жас талаптың алдындағы мақсат – мамандық таңдауда қаталеспеу. -Өйткені мамандықты дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі. Түлектер жоғары оқу орнын таңдар кезде ең алдымен оның артықшылығы мен кемшіліктерін саралайды. Болашақ мамандар таңдау жасағандағы басты назар аударатындары оқу орнындағы мамандық түрлерінің әралуындығы, университет ғимаратының орнының орналасқан жері, білім ордасының беделі мен оқыту деңгейі, мемлекеттік гранттар мөлшері, оқу ақысының көлемі және басқа да артықшылықтары. Оқу орны туралы толық ақпарат алмаса, түлектерге өздіктерінен таңдау жасау қиынға соғады. Сондықтан жалпы оқу орындарының рейтингі неге сүйеніп жасалатынына тоқтала кетейік. 

Кез келген жоғары оқу орнының білім беру сапасын кешенді түрде институционалдық та, білім беру бағдарламалары бойынша да аккредиттелуіне байланысты. Аккредиттелген жоғары оқу орындарының және оқыту бағдарламалары туралы барлық мәліметтер тұрақты негізінде Білім беру сапасын жарияланады. Қазіргі талапкерлер мен оқу орны туралы мәліметті іздеушілер жедел ақпарат алуды талап етеді. Сондықтан елімізде де, әлемде де оқу орындарының рейтингілері үлкен сұранысқа ие.
Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді», деп атап өтті.
Жоғары білім сапасын бағалаудың қолайлы, қолжетімді құралдарының бірі университеттің рейтингі. Қазақстанның жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі оқу орындары қызметінің негізгі аспектілерін, олардың ішінде білім беру сапасын, ғылым дәрәжесін, оқытушылар мен түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін ескереді. Сонымен қатар ол жоғары оқу орындарын жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие білім мен дағдыларды алу сапасын сарапшылардың көрсетулері негізінде бағалауға мүмкіндік береді. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі Рейтинг 2008 жылдан бастап, Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының лық университеттерге ақпараттық хаттар жіберіледі. Бірақ рейтингіге қатысу туралы шешімді университет тікелей өзі қабылдайды. Университеттің рейтингіде болуы оған беделін артттырады, әрі оқу орны үшін жақсы жарнама. Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі – Рейтинг президенті, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Шолпан Каланованың айтуынша, жоғары оқу орны туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы барлық мүдделі тараптар: талапкерлер мен олардың ата-аналары, шетелдік талапкерлер, жұмыс берушілер, қорлар, бірлестіктер мен мемлекеттік органдар хабардар болады.
«Ұлттық рейтингінің әдістемесі ғылыми тұрғыдан қарастырылады және онда халықаралық тәжірибе пайдаланылады. Ұлттық рейтинг әдістемесі «Higher Education in Europe» (№ 2-3, 2008 ж. Лондон) жоғары білім беру саласындағы халықаралық журналда, «International Higher Education» (2010 ж.) журналында қытай және ағылшын тілдерінде Шанхай қаласында жарияланған. Әрбір индикатор мен критерий бойынша ақпарат, олардың салмағын бөлу Ұлттық рейтингіге қатысатын барлық жоғары оқу орындарына беріледі. Жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі әдістемесі бойынша университеттің қызметін бағалау мекемелердің өздері ұсынған құжаттарды растайтын статистикалық мәліметтер бойынша жүргізіледі. Көрсеткіштердің бір бөлігі, дәлдік пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін тәуелсіз көздерден алынады, оларға ғылыми жарияланымдар бойынша SCOPUS, Clarivate Analitics (бұрынғы Web of Science) дерек базалары, Ресей ғылыми сілтемелік индексі (РИНЦ), жоғары оқу орындары студенттерінің оқу жетістіктерін сыртқы бағалау бойынша тестілеу нәтижелері (ОЖСБ), «Болашақ» бағдарламасы бойынша универ-ситет түлектерінің саны, ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантына ие болған профессорлар мен оқытушылар саны жатады. Академиялық жетістіктерінің жалпы бағамы алты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: студенттер контингенті – 10%; студенттерді оқыту нәтижелері және жоғары білім беру орнында іске асырылатын бағдарламаларының саны – 14%; академиялық қызметкерлер: профессорлық-оқытушылар құрамы – 12%; ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстар – 15%; халықаралық ынтымақтастық – 12%; ақпараттық қамтамасыз ету – 7%. Әрбір көрсеткіштің өз критерийлері бар, олармен толығырақ www.nkaoko.kz сайтында толығырақ танысуға болады. Берлин қағидаттарына сәйкес ағымдағы жағдайда туындайтын шарттарға байланысты Ұлттық рейтингі әдістемесіне түзетулер енгізілетінін атап өт¬кен жөн. Алайда осы өзгерістер индикаторлар балансына және жоғары оқу орындарының қорытынды бағалау әді¬сі¬не әсер етпейді. Осылайша, осы жылы рейтинг әдістемесіне «Студннтердің қысқартылған контингентінің саны бір штаттық профессорлық-оқытушылар құрамына қатынасы» атты жаңа тармақ қосылды. Осылайша университеттердің ака¬де¬миялық көрсеткіштері Ұлттық рейтингінің 70%-ын құрайды. Қалған 30%-ы жоғары оқу орындарын жоғары білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың (15%) және жұмыс берушілердің (15%) беделді бағаларына тең бөлінеді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар Қазақстан, жақын және алыс шетелдер жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы арасынан агенттік арқылы анықталып, іріктеледі. Сарапшылар Қазақстанның жоғары оқу орындарын аккредиттеуге қатысқан немесе осы университеттерде білім берудің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін басқа тәжірибелері бар екенін атап өтеміз. Сарапшылардың социологиялық сауалнамасы электронды пошта бойынша сұрақтары бар сауалнаманы жіберу арқылы жүргізілді, оның жауабы нақты сарапшының көзқарасын ғана білдірді. Биыл 800-ден астам сауалнамадан жіберілді, олардың ішінен 200-ден астам жауап¬ (24%) алынды. Сонымен қатар шетелдік сарапшылардан, негізінен Ресейден, сондай-ақ Польша, Литва және Эстониядан жауап қайтарылды. Жұмыс берушілердің іріктемесі де кездейсоқ емес. Әдістемеге сәйкес, жұмыс берушілер екі өкілдік топқа бөлінеді. Біріншісі – мемлекеттік органдардың өкіл¬дері: орталық және жергілікті атқарушы органдардың, екінші – салалық жұмыс берушілер (ұлттық ком-паниялар, ірі, орта және кіші бизнес-қауымдастықтар). Жұмыс беруші-лердің екі топтарының пікірлерін зерттеу қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін анықтады. Жалпы курьерлік поштамен барлық министрліктер мен әкімдіктерге 825 сауалнама жіберілді және 400-ден астам жауап алынды, бұл респонденттердің өте жоғары пайызын (48%) көрсетеді. Сауалнамаға белсенді қатысушылар қатарында Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика министрлігі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бар. Жергілікті атқарушы органдар арасында белсенді әкім¬діктер – Ақмола, Алматы, Қызыл¬орда және Жамбыл облыстары мен Астана қаласы әкімдіктері. Жоғары оқу орындарын бағалауға қатыс¬қандардың бәріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Жалпы алғанда, электронды пошта арқылы әртүрлі деңгейдегі компанияларға, ұйымдар мен қауым¬дастықтарға 1800-ден астам сауалнама жіберілді және мекеме басшыларынан, олардың орынбасарларынан мен орта деңгейдегі менеджерлерден 227 жауап алынды. Мұнда респонденттердің үлесі де айтарлықтай, бірақ, өкінішке қарай, әлдеқайда аз (шамамен 13%), себебі белгілі бір түлектің жұмысқа орналасуы тура¬лы түпкілікті шешім қабылдайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары бо¬лып табылады. Осыған байланысты, біз компаниялардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларынан мәселеге бей-жай қарамауды және болашақта сауалнамаға көбірек қызығушылық танытуды қалаймыз. Институционалдық рейтингінің үш сауалнама нәтижелері бойынша қорытынды балл жоғары оқу орындар қызметі бағ-дарламалары бойынша ұсынылған – көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, өнер, медициналық және педа¬го¬ги¬ка¬лық университеттер. Білім және ғылым министрлігі сайтына (edu.gov.kz) сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанда 116 азаматтық жоғары оқу орны (универ-ситеттер, академиялар, инс¬титуттар) бар. 2018 жылғы Ұлттық рейтингіге 60 университет қатысты, алайда кейбір университеттер рейтингіге кірген жоқ. Сондай-ақ институционалдық рейтингіден бөлек агенттік оқу бағдар-лବмаларының рейтингін жүргізеді. Оқу бағдарламаларының әдістемесі мен ранжирлеу нәтижелері www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген. 2018 жылғы бағдарлама рейтингінде 60 жоғары оқу орны 289 білім беру бағ-дар¬ламасын (өткен жылы – 279) ұсын¬ды. Бұл бағдарламалар бойынша университеттік сауалнамалардың жалпы саны 1100-ден асты. Ұсынылған бағдарламалардың са¬ны бойынша алдыңғы бестікте – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (155), Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті (129), акବдемик Е.А.Бөкетов атындағы Қа¬ра-ғанды мемлекеттік университеті (128), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ¬-стан мемлекеттік университеті (109), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (63) ор¬наласқан. Ұлттық рейтингі нәтижелерінің жоға¬ры оқу орындарына қатысты мықты жә¬не әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен тәу¬екелдерін зерделеу үшін пайдалануға бо¬лады, ал бұл толық ауқымды талдауды және барлық салада одан әрі жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты жоғары білім бе¬ру саласындағы басшыларға студенттерді оқыту жаңа әдістерді дамыту мақсатында профессорлар мен оқытушылар үшін жүйелі түрде ынталандыруды пысықтауды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, менеджментті жә¬не университет сайты арқылы жұртшылықты ақпараттандыруды күшейтуді жалғастыру ұсынылуы мүмкін. Ал салалық басқарушылар мен меценаттарға жетекшілік ететін жоғары білім беру орындарын қолдауды, ғылымға инвестициялауды, материалдық-техникалық базасын жақсартуды, оқу зертханаларын құруды, студенттерді жобаларға тартуды кеңес ретінде айтуға болады, әрине бұл міндетті түрде университеттің рейтингіне және дамуы перспективасына әсер етеді. Қазақстан цифрландыруға бет бұрғанын ескере отырып, ол 2017 жы¬лы бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген, университеттер ғылым мен бі¬лім берудің алдыңғы қатарларын басқарса, осы мәселелерге одан сайын назар аударулары тиіс. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Индустрия 4.0» тұжырымдамасын жүзеге асыру қарастырылған, ол үшін жа¬ңа білім мен дағдыларға ие мамандар талап етіледі. Осылайша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы 5 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы сөзінде, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде 2018-2019 жылдарда жыл сайынғы 54 мың білім беру гранттарға қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырды. Олардың 11 мыңы – техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды оқытуға, атап айтқанда, инженерлерді, ақпараттық технологиялар, роботты техника, нанотехнология салалары бойынша мамандарды дайындауға жұмсалатын болады, яғни олар – таяу жылдарда «Индустрия 4.0» шеңберінде қажет болатын мамандықтар. Үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі 2018 жылы оқуға түсушілерге және олардың ата-аналарына, басқа да барлық мүдделі тараптарға пайдалы және қызықты ақпарат болады деп үміттенеміз. Агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының өткен жылдардағы рей¬тингілері нәтижелерімен де танысуға болады және олардың динамикасын қадағалауға мүмкіндіктеріңіз бар. Зерттеңіздер, салыстырыңыздар, талдаңыздар және өзде¬рі¬ңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыздар. Қорытындылай келе, рейтингіндегі орын¬дарына қарамастан, жұмысты жал¬ғастырып, жетілдіру барысында Қа¬зақ¬станның барлық жоғары оқу орында¬рына, студенттеріне табыс тілейміз», – деді  Шолпан КАЛАНОВА өзінің «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған мақаласында.

"Алаш айнасы"

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста