Бірқатар халықаралық емтихандардың нәтижесін енді ҰБТ балдарына ауыстыруға болады

Бірқатар халықаралық емтихандардың нәтижесін енді ҰБТ балдарына ауыстыруға болады

Халықаралық стандартталған тестілеулерінің сертификаты бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады және (немесе)  ЖОО-лардың ақылы бөліміне түсе алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушылар

Бұл туралы ҚР білім және білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

 

2020 жылы SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулерінің балдарын Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) балдарына ауыстыру шкаласы енгізілді.

Енді SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулерінің сертификаты бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады және (немесе) жоо-лардың ақылы бөліміне түсе алады. Бұл жоғары білім алуға деген қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

SAT Reasoning және SAT Subject сертификаты болған жағдайда SAT тестілеуінің балы ҰБТ балына ауыстырылады. Сондай-ақ SAT Subject нәтижелері ҰБТ балына тек бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.

«SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеулер шкаласының ҰБТ балына ауыстырылуы жоғары білімнің аясын кеңейту үшін енгізілді. SAT тестілеуінің балын ҰБТ балына ауыстыру тек SAT reasoning (мектептегі дағдылар – оқу, хат және математика бойынша тест) және SAT Subject (жекелеген пәндер бойынша тест) сертификаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ SAT Subject нәтижелері ҰБТ балына тек бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады»,– деді ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

SAT – АҚШ-тың жоғарғы оқуларына түсу үшін тапсырылатын стандартты тест екенін естеріңізге сала кетейік. ACT тестілеуі әдетте АҚШ колледждеріне түсу үшін пайдаланылады. Ал IB – түлектерді тек АҚШ-тың ғана емес, Еуропа елдерінің де жоо-ларына дайындауға арналған білім беру бағдарламасы.

Төменде SAT, ACT стандартталған тестілеуінің халықаралық сертификаты мен Халықаралық IB бакалавриат бағдарламасын ҰБТ балына ауыстыру шкаласы көрсетілген.

 
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста