Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінің басты проблемасын атады

Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінің басты проблемасын атады

Республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінің басты проблемасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл мен қала деп күнде айта береміз. Бірақ, мәселе ауыл мен қалада емес. Әрине, ауыл мен қаланың білім сапасында алшақтық бар. Оны ешкім жоқ демейді. Алайда, біз үшін проблемалық мәселе осы ғана емес. Мұнан да зор проблемалар болады. Ол – әртүрлі өңірлерді бір-бірімен салыстырғандағы біілм сапасының алшақтығы. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептерінің орташа балы Түркістан облысындағы қалалық мектептердің орташа балынан жоғары, Қызылорда облысындағы қалалық мектептердің орташа балынан артық. Сондықтан, бұл мәселені кеңінен қарау керек», - деді министр.

Сонымен қатар, ол ауыл мектептері мұғалімдерінің жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылатындығын айта келе, кемшіліктерге де тоқталды.

«Бірінші – мұғалімдердің, нақты пән бойынша сабақ беретін мықты мұғалімдердің жетіспеушілігі басты проблема болып отыр. Екінші – интернеттің барлық мектепте толыққанды болмауы. Үшінші – материалық-техникалық база. Дегенмен, ең бастысы – педагог. Мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан, мұғалім жетіспеушілігі болса, онда басқа мәселелерді шешу өте қиын», - деді Асхат Аймағамбетов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста