18 мыңнан астам мұғалім тегін курстардан өтті

18 мыңнан астам мұғалім тегін курстардан өтті

Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстар өтіп жатыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 18 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
Курстар осы жылдың тамыз айында басталған болатын. Бұл курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері әзірлеп, өткізіп жатыр. Орталық 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.

«Өрлеу» орталығы бір айдың ішінде 700-ге жуық курс өткізді және оған 18 мыңнан астам мұғалім қатысты. Бүгінгі күні 5 мың педагог оқып жатыр, олар курстың соңында тест тапсырады. Кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар санының жыл санап артып келе жатқаны қуантады. Мұндай курстар ұстаздар жұмысының сапасына да, білім сапасына да, жалпы оқушылардың біліміне де оң әсер ететінін түсіну маңызды, - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.
Бұған дейін «Өрлеу» орталығының 70-тен астам маманы 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірлеген болатын. Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан тегін өте алады. Курстар қараша айының соңына дейін жалғасады.

Курстың соңында оқытудың тиімділігіне талдау мен мұғалімдердің алған біліміне қорытынды бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ мұғалімдер міндетті түрде тест тапсыруы керек. Барлық бөлім бойынша шекті балл жинаған мұғалімдер сертификат алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста